Жаңалықтар тізбегі
0

2020 жылы Қазақстанда экономикалық өсім қарқыны азаяды деп болжанды

delo.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 22:47 delo.ua
Қазақстанға шағын және орта бизнесті субсидиялау және несиелеу саясатын қайта қарастыру қажет.

Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша соңғы экономикалық баяндамасында атап өтілгендей, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) нақты өсуі болжам бойынша 2019 жылы 4,0%-ті құрайды және кейіннен 2020 жылы 3,7%-ке дейін біршама төмендейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ішкі сұраныстың артуы 2019 жылы ЖІӨ-нің өсуіне ықпал ететін болады. Баяндамаға сәйкес, әлеуметтік шығындардың артуы және инфрақұрылымдық инвестициялардың жалғасуы тұтыну мен инвестициялардың деңгейін сүйемелдеуге көмектесті. Кәсіпорындардың инвестициялары, негізінен, кен өндіру саласының күрделі шығыстарға және тұрғын үй құрылысы нарығындағы жандануға байланысты.

Ішкі сұраныстың жоғары болуы, азық-түлік бағасының өсуі және айырбас бағамының әлсіреуі инфляцияның өсуін тудырды. Инфляцияның жылдық деңгейі өткен жылдың көрсеткішінен сәл асып түсіп, 2019 жылғы қазанда 5,5% дейін көтерілді, бұл Ұлттық банктің монетарлық саясатын қатаңдатуға алып келді.

Есепте 2020 жылы экономикалық өсу қарқыны біршама төмендейді, өйткені өткен фискалдық ынталандырудың оң әсері уақыт өте келе қысқарады, ал сыртқы ортаның әлсіреуі экономикалық шоктар алдындағы осалдықты арттырады. 2020 жылы жаһандық экономиканың өсуі біршама нығайды деп пайымдалады, бірақ Еуропалық Одақта (ЕО), Қытай мен Ресейде өсу пайымдалғаннан кем болса, бұл Қазақстан экспортына қатысты тауарлардың сұранысы мен бағасына әсер етуі мүмкін. Корпоративтік несиелендіруге деген сұраныстың одан әрі төмендеуі және банктердің тәуекелге төмен бейімділігі экономикалық өсу үшін қосымша төмендету тәуекелін тудырады.

Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто: "Соңғы екі жылда Қазақстанның ЖІӨ қалыпты қарқынмен өсті, бірақ экономикалық өсуді қолдау және нарықты кеңейту үшін шағын және орта бизнесті субсидиялау және несиелеу саясатын қайта қарастыру қажет", - деп атап өтті.

Экономикалық баяндаманың арнайы бөлімінде қазақстан экспортын әртараптандыру мәселелері қаралады. Қазақстан Қытайдың, Еуропа мен Орталық Азияның ұлғайып келе жатқан нарықтарына жақын орналасқан, олармен сауда жасау елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік береді және экономиканы әртараптандыруға көмектесе алады.

Есепте Қазақстанның экспорттық географиясының кеңеюіне қарамастан, экспорттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде төмен болып қалатындығына баса назар аударады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) деректеріне сәйкес қазақстан экспорттаушылары он жыл бұрын импорттық ресурстарды аз пайдаланғанын және жаһандық тізбектеріне қатысудың төмендегенін көрсетеді.

Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілдігінің аға экономисі Сжамсу Рахарджа "Экспорт саласындағы ағымдағы серпін мен сын-тегеуріндерді түсіну, экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажетті жақсартулар туралы стратегиялық шешімдер қабылдау үшін маңызды мәнге ие", - деп санайды. – Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан сауданы жеңілдету, ТШИ тарту және ұстап қалу, жеткізудің жаһандық тізбектеріне қатысуды ұлғайту саласындағы реформаларды тереңдете алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: