2019 жылы Қазақстанда 6 жол жаңа технологиямен салынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2020 18:03 Сурет: zakon.kz
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарында ресейлік, қытайлық және корейлік шақпатасты-мастикалық асфальт-бетон полимерлерді қолдану арқылы жол учаскелері салынды.

2019 жылы Қазақстанда жаңа технологияларды қолдану арқылы қанатқақты жоба ретінде 6 жол учаскесі салынды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асфальт-бетон жабындысының беріктігін нығайту және жарықтардың қалыптасуына қарсы қасиетін күшейту мақсатында жолшылар өткен жылы қанатқақты жоба ретінде еліміздің 4 өңірінде 6 жол учаскесін салды. Жолдардың жағдайын Қазақстанның ғылыми-зерттеу институтының мамандары бақылауда.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстарында ресейлік, қытайлық және корейлік шақпатасты-мастикалық асфальт-бетон полимерлерді қолдану арқылы жол учаскелері салынды. Сондай-ақ, ғалымдар пилоттық режимде күкіртті асфальт-бетон Geen Crete, әмбебап жөндеу материалы УМР-2П мен борқылдақ-мастикалық асфальт-бетонды ПМА 10 қолдануды ұсынды.

Жалпылай алғанда, 2019 жылы ҚазҒЗИ жол-құрылыс материалдарының сапасын анықтауға және өндірілген материалдарды технологиялық бақылауға бағытталған 482 зертханалық тәжірибе жүргізген болатын. Жол-құрылыс материалдарының тәуелсіз сараптамасы заманауи жабдықта аккредитациядан өткен зертханаларда жасалды.

Айта кетейік, 2019 жылы іске асырылған жұмыстардың қорытындысы бойынша автомобиль жолдары саласында Институт 4 ведомстволық нормативті-техникалық құжатты әзірледі.

Сондай-ақ, ҚазҒЗИ мамандары Павлодар облысы және Семей қаласында жолдардың диагностикасы мен паспортазициясын өткізді. Өткен жылы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 800 шақырымынан астамына диагностика жасалды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: