ДДҰ Қазақстанға коронавируспен күресте қандай шараларды қолдануға ұсыныс берді
Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын қабылдап, коронавирус инфекциясы бар науқастарды анықтау үшін полимеразды тізбекті реакция әдісін (ПТР) қолданатын зертхана ашты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жариялауына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
- Қазір бұл диагностика түрісыналып жатыр. Оның нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз. Қытай тарапынан және халықаралық сарапшылардан келіп түскен халықаралық емдеу ұсыныстарына сәйкес, біз науқастарды емдеу алгоритмдерін түздік. Барлық қажетті дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирустық инфекциясы қарсы қолдануда тиімділік танытқан вирусқа қарсы препараттар жеткілікті мөлшерде сатып алынды, - деді Біртанов.
Елімізде тәулік бойына жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды (7 қаңтардан бастап жұмыс істейді). Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оған бүгінгі таңда түрлі мәселелер бойынша 768 қоңырау келіп түскен.
Айта кету керек, соңғы күндері қоңыраулар азая бастады, бұл адамдарға нақты ақпараттар жетіп жатқандығын көрсетеді. Халық жаңа вирус жайлы әбден қанық болды. Сонымен қатар, әуежайларға кіре берісте біз үнпарақшалар таратамыз, - деді министр.
Оның айтуынша, ДДҰ-мен тәулік бойына тұрақты өзара байланыс орнатылған. Бірқатар шаралар да қабылданды. Министрдің айтуынша, ең маңызды шара - бұл қазақстандықтардың ұшақпен алынып шығуы (теміржол және автомобиль жолдары жабық).
- Апта соңына дейін қалған азаматтарды Қытайдан шығарып аламыз. ДСҰ-ның қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайдың жаңа деңгейінің жариялануына байланысты қосымша шаралар қабылданды: барлық мемлекеттермен арадағы бақылау-өткізу бекеттерінде санитарлық бақылауды күшейту. Біз азаматтарымызға ҚХР-ға, сондай-ақ коронавирустық инфекция тіркелген қалған 23 шет мемлекетке бармауға кеңес береміз. Жалпы, біз осы кезеңге халықаралық сапарларды шектеуге кеңес береміз, - деді Біртанов.
Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше комиссиясы үш ай ішінде қайта шақырылып, одан соң тағы өз ұсыныстарын жариялайтынын айтты. Бірақ оған дейін жыл мезгіліне байланысты алдын-алу шараларын сақтау өте маңызды: қолыңызды мүмкіндігінше жиі сабындап жуыңыздар, суықтап қалмауға тырысып, күтініп жүріңіздер.