СҚО фермері Еуропадан елге елу сиырды заңсыз әкелді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облысында чехия елінен әкелінген 50 сиырдың ұсталғаны туралы хабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Телеарна сюжетінде ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері шетелден алып келген ірі қара малды экспорттаушы елге қайта қайтару туралы талаптары қаншалықты заңды деген мәселе көтеріледі.
Осыған байланысты министрліктің баспасөз қызметі келесіні хабарлайды:
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ақпараты бойынша "Агро-Комплекс-Сулышок" ЖШС 2019 жылдың 4 қазанында 50 бас ІҚМ Қазақстан Республикасына алып келу кезінде - бірінші кезекте ЕАЭО ұлттықтан жоғары заңнамасын, сондай-ақ қазақстандық ветеринария саласындағы заңнаманы өрескел бұзған.
Сонымен қатар, аталмыш 50 бас ірі қара мал Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "жалған құжаттар жасау фактілері" негізінде Чех Республикасынан ауыл шаруашылық малды алып келуге уақытша шектеу қойғанына қарамастан ел аумағына кіргізілген.
Жоғарыда көрсетілген жағдайға кеңінен тоқталатын болсақ:
ЕАЭО ұлттықтан жоғары ветеринарлық заңнамаларының талабы бойынша (Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен "ЕАЭО кедендік шекарасында және ЕАЭО кедендік аумағында одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" ережесі бекітілген. Бұл ереже ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен қатар ветеринарлық қызметтерінің орындауы үшін міндетті болып табылады), бақылаудағы тауарды (оның ішінде тірі жануарларды) алып келуге рұқсат берер алдында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті экспорттаушы (жөнелтуші) елдің эпизоотиялық жағдайын тексеруге, сондай-ақ жүру (транзит) маршрутын үшінші елдердің ветеринариялық қызметтерімен келісуге міндетті.
Атап айтқанда, көрсетілген құжаттың 6.2 тармағында бақылаудағы тауарларды (бұл жағдайда-тірі жануарлар) алып келуге рұқсат беру "бақылаудағы тауарларды өндіру орнының" эпизоотиялық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылатыны атап өтіледі.
Сондай-ақ, аталмыш ереженің 6.1 және 6.3 тармағында ЕАЭО кедендік аумағына бақылаудағы тауарларды кіргізу – "тірі жануарлар" алып келінетін мемлекеттің (бұл жағдайда Қазақстан Республикасының) берген рұқсаты және экспорттаушы елдің құзыретті органы берген ветеринариялық сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады деп айтылады.
ЕАЭО заңнамасы бойынша "Агро-Комплекс-Сулышок" ЖШС Словакия Республикасынан ІҚМ алып келуге рұқсат сұрады. Осы сұрау бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңды түрде рұқсат берді, себебі Словакия елі "аса қауіпті аурулар" тіркелген тізімде жоқ мемлекет.
Алайда, Словакиядан ІҚМ алып келуге берілген рұқсат бойынша Қазақстан шекарасына кіргізілген 50 ірі қара бас Чех Республикасының малы болып шықты. Қазақстан аумағында құжаттарды тексеру кезінде малдардың Чехияның ветеринариялық қызметімен берілген сертификаттары бары және жануарлардың шыққан жері Чех Республикасы екені анықталды.
Осылайша, "Агро-Комплекс-Сулышок" ЖШС ЕАЭО ветеринарлық заңнамасын өрескел бұзған.
Алайда, аталмыш мәселе бойынша тағы да бір жайт бар.
Айта кететін болсақ, 2019 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасында "Чех Республикасынан мал алып келуге" уақытша шектеу қойылған. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті "уақытша шектеуді" Чех Республикасынан 16 қазақстандық фермерлердің жалған ілеспе құжаттары бар малды алып келу фактілері негізінде жариялаған болатын.
ҚР Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне осындай "шешім қабылдау" құқығы "ветеринария туралы" заңмен ветеринария саласындағы өкілетті ведомство ретінде берілген.
Осылайша, "Агро-Комплекс-Сулышок" ЖШС Қазақстан аумағына чехиялық ірі қара малды алып келу арқылы елде енгізілген "шектеуді" бұзды.
ҚР Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ҚР және ЕАЭО ветеринарлық заңнамасын бұзу фактісі бойынша "Агро-Комплекс-Сулышок" ЖШС-не 50 бас ірі қара малды жөнелтуші елге, яғни Чех Республикасына қайтаруға ұйғарым берді.