Жаңалықтар тізбегі
0

Экономист: Қиын күндер келе жатыр, теңге бағамы деген бер жағы...

ia-centr.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 21:53 ia-centr.ru
Теңге бағамы қанша болады деп "құмалақ шашып, бал ашып" басты қатырудың қажеті жоқ.

...Саяси қорқыныштың салдарынан туындаған мұнай дағдарысымен қатар, коронавирусқа байланысты әлемдік экономикалық өсімнің күрт қысқаруын байқап отырмыз. Бір сөзбен айтқанда, әлем хаосқа еніп барады. Зауыттар кезек-кезігімен жұмысын тоқтатып жатыр. Сауда-саттық белсенділігі де төмендеді.

Негізгі құралдар мен отын көздеріне деген сұраныс азая бастады. Бәрінен қауіптісі, бұл үрдіс алда күшейе түсетін секілді, сондықтан ОПЕК + дағдарысы ауыртпалық шығындарын дамушы елдердің мойынына артып қою әрекеті секілді. Жоғары технологиялық сектордағы жасанды өсіп келе жатқан нарықтар бес жыл бұрын құрып тынуы керек еді, бірақ керемет қарқынмен дамып, өтірік үмітпен елді алдап келді.

Стартап экономикасы қолма-қол ақшаның айтарлықтай бөлігін "қылқытып алған", бірақ олардан ешқандай нәтиже жоқ. Осындай орны толмас экономикалық нүктелерді барлығы мейілінше көзге шұқып көрсетпеуге тырысып келді.

Үкіметке жақын сарапшылардың пікірі бойынша, ғаламдық карантинге байланысты Қазақстанның ЖІӨ өсімі минусқа кетуі мүмкін, демек ел экономикасы айтарлықтай баяулайды. 2019 жылы ағымдағы операциялар шоты бойынша 4,3 миллиард доллар тапшылық болғаны белгілі. Отын ресурстарын сатудан түсетін түсімдердің айтарлықтай төмендеуі және басқа да бірқатар факторларды есепке алсақ, біз 2008 жылдан бері көрмеген аласапыранның тақап келе жатқанын байқаймыз. Онда да бергі жағындағыларды есепке алғандағы болжам бұл, егер түбіне дейін зерттесек, ертең қайдан шығатынымызды айтудың өзі қорқынышты.

Ендеше теңге бағамы қанша болады деп "құмалақ шашып, бал ашып" басты қатырудың қажеті жоқ. Оның құнсызданатындығына ешқандай күмән жоқ. Бұл арада одан да маңызды нәрсе бар. Бұл дағдарыстың шығынын өтеуге кімнің қалтасындағы ақша кетеді?..

Денис Кривошеев, экономикалық шолушы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: