Біртанов желіде міндетті екпеге қарсы назарлық білдірушілерге қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екінші оқылымнан кейін мақұлданған жаңа Денсаулық кодексінің жобасына қатысты түсінік берді. Ол, әсіресе екпенің жайына жеке-дара тоқталып, Қазақстанда бұл процедураның міндетті болмағанын, алда да міндеттелмеймінін баса атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, соңғы кездері әлеуметтік желілерде жаңа Кодекстің қабылдануына қарсы толқу жүріп өткен. Әсіресе, екпе сапасының төмендігі, сатып алулардағы әділетсіздік, вакциналардың дұрыс тасымалданбауы, медициналық асқынулар және екпеден бас тартушылар қатары көп-мыс деген мағынада көп талқылаулар жүрген. Министрдің айтуынша, мұның барлығы қоғамды адастыруға бағытталған айла-шарғы.
- Қазақстанда вакцинация міндетті емес және ол алда да мәжбүрлі етілмейді! Әлемнің кез-келген жеріндегі сияқты, біздің елде де ерікті және міндетті вакциналар бар. Бірақ әрбір жағдайда, ата-аналарды ақпараттандыра отырып, келісімі алынады немесе вакцинациядан бас тартуға құқық беріледі! Біздің елімізде екпе салынбаған балалардың құқықтарын шектейтін ережелер жоқ! Ұжымдық иммунитетті, яғни балабақшаға баратын барлық балалардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін бір ғана норма бар, деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Ол желіде кеңінен насихатталғандай, елімізде екпеден бас тартушылар қатары көп деген жекелеген фактіге де тоқталды. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, мысалы 2019 жылы 4 841 344 вакцина егілген, оның 6 003-і ғана екпеден бас тартқан.
"Бұл - бар болғаны 0,12%", - дейді министр.
Көптеген асқынулар туралы дауырықпа қауесеттерге келетін болсақ, 2019 жылы вакцинацияланған 4 841 344 адамның "143-інен жағымсыз көріністер анықталды (қызба, ісіну, терінің қызаруы) және бұл көлемі 0,003% құрайды". 2019 жылы екпе алған бір де бір бала мерт болған жоқ.
Министрдің айтуынша, Қазақстандағы әр вакцина қауіпсіздіктің, тиімділіктің және сапаның халықаралық стандарттарына (GMP) сәйкес көп сатылы сынақтан өтеді.
- Бұрын біз қауіпсіздік пен сапаны бағалау процесінің қалай жүретінін бірнеше рет көрсеттік. Біз мұны алда да ашық әрі мұқият орындай береміз, - деп жазды Біртанов.
Министр сондай-ақ Парламент Мәжілісіндегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасының екінші оқылымда мақұлдануына да назар аударды. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы бір де бір заң бұған дейін осылай ашық және ауқымды деңгейде талқылаудан өткен емес.
Ол депутаттарға заң жобасы бойынша жұмыс жасағандары үшін алғысын білдірді.