Жаңалықтар тізбегі
0

Оффшорға ақша шығару қылмысқа жатпайды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2020 18:42 видеодан кадр
Егер осындай былық ашылып, іс сотқа дейін жетсе де, қомақты соманы Қазақстанға қайтару жолы бізде қарастырылмаған.

Шетелдегі оффшорлық есепшотқа қаржы шығару заң бойынша қылмыс санатына жатпайды. Ал, егер де осындай былық ашылып, іс сотқа дейін жетсе де, қомақты соманы Қазақстанға қайтару жолы бізде қарастырылмаған.

Осындай депутаттық сауалын әрі назын сенатор Ольга Перепечина Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа жолдады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оның сөзінше, соңғы төрт жыл аралығында Қазақстаннан өзге мемлекеттерге жасырын әрі заңсыз түрде 238 ақша шығару фактісі тіркелген. Дегенмен, құзырлы органдағылар оның небәрі үшеуі ғана сотқа дейін жеткізе алған. Қалған жағдайларда іс тоқтатылған.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

"Тоқтатылған 238 істің шамамен 70 пайызы немесе 170 ісі құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды. Яғни, шетелге капиталды шығару фактісі бар, бірақ бұл факт ұлттық заң бойынша қылмыс санатына жатпайды. Бізде қаржыны қайтару мәселесі қарастырылмаған. Себебі қылмыстық іс жүргізу кодексінде қайтару міндеттемесі де жөнді жолға қойылмаған".

Ольга Перепечина соңғы 20 жылда елімізден оффшорлық есепшот бар мемлекеттерге 140 миллиард доллар жіберілгенін де айтты. Сенатор бұған капиталдың заңсыз шығарылуына қарсы іс-қимыл жүйесінің жетілдірілмегені себеп, дейді. Сондай-ақ депутат жалпы осы мәселені қадағалайтын мемлекеттік органның да атауын білмейтінін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: