Жаңалықтар тізбегі
0

Шошқадан шыққан дау: Министрлік түсініктеме берді

Есжан Ботақара, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2020 15:55 Есжан Ботақара
Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жылқы еті тек ішкі нарыққа бағытталған өнім, ол экспортқа шығарылмайды. Ал шошқа етіне сұраныс бар, былтыр 800 тоннасы шетелге сатылған.

Әлеуметтік желіде шошқа шаруашылығына бөлінетін субсидия мәселесі кеңінен талқылануда. Халық оны жылқы шаруашылығымен салыстырып, ата кәсібімізге тым аз қолдау жасалатынын айтып жатыр. Осыған орай, ауыл шаруашылығы министрлігі жылқы мен шошқа өсіруге субсидия бөлу тәртібін және қаржының көлемін түсіндірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жылқы еті тек ішкі нарыққа бағытталған өнім, ол экспортқа шығарылмайды. Ал шошқа етіне сұраныс бар, былтыр 800 тоннасы шетелге сатылған.

Жылқы саны артты

Ресми мәліметке сәйкес, мемлекеттік қолдау мен субсидиялаудың арқасында республикада жылқы саны кеңестік кезеңге қарағанда 1,7 есе көбейді.

"1991 жылы Қазақстанда барлық санаттағы шаруашылықтарда жылқы саны шамамен 1,7 миллион бас болды. Одан кейінгі нарықтық экономикаға көшу кезінде мал саны күрт азайып, 2000 жылға қарай республикадағы жылқы саны миллионға да жетпей қалған. Ал қолға алынған шаралардың нәтижесінде осы жылдың басында жылқы саны 2,9 миллион басқа дейін өсті", - дейді министрлік өкілдері.

Қандай субсидиялар бар?

Бүгінде мемлекет жылқы шаруашылығымен айналысатын отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыруда. Атап айтқанда, олар үшін төмендегідей мүмкіндіктер қарастырылған: сатып алынған асыл тұқымды айғырлар үшін субсидиялау нормасы әр басқа 100 мың теңгеден; бие сүтін өндірушілер үшін әр литріне 60 теңгеден; асыл тұқымды жылқының аналық басын бағуға, жем-шөбіне жылына 20 мың теңгеден; жылқы шаруашылығын дамытуға арналған техникалар мен жем-шөп дайындайтын жабдықтарды сатып алғанда мемлекет 25 пайыздық өтеу үлесімен инвестициялық субсидия береді; несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 10% субсидиялау.

"Бұл қолдау шараларының барлығы жылқы фермалары мен салалық қауымдастықтардың ұсыныстары бойынша жасалған. Жалпы алғанда, 2019 жылы 4,7 мың жылқы фермалары мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды", - делінген ресми хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: