Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған
Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Денсаулық сақтау министрінің Қазақстанда бүгінгі күнгі коронавирус және пневмония бойынша статистиканың біріктірілетініне байланысты мәлімдемесінен соң науқастардың нақты санын есептеп шығуға тырысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Цой коронавирус туралы статистиканың сенімді болуына алғашқы қадам жасады, деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
- Қазір коронавируспен ауыратындардың ресми саны 67 мыңды құрайды, ал пневмония - шамамен 234 мың (1 қаңтардан 15 шілдеге дейін), егер біз пневмонияның таза өсімін алсақ, онда шамамен 163 мың науқас болады. Сонда барлығы 67 + 163 = 230 мың коронавирус науқас. Бұл - кем дегендегісі. Егер біз өсімді емес, тұтас индикаторды алсақ, онда 230 мың емес, 301 мың науқас /ауырып, жазылғандар болады, - деп жазды ол.
Бұл - ПТР тестілеуінен өтіп, ауруханаға өздері барғандар.
- Әрине, үйде ауырған адамдар бар, бірақ олардан қандай сандар күтілетіні әлі белгісіз. Тек симптомы білінген адамдар ауруханаға барғанын, ал симптомы жоқ науқастардың 85% -ін құрайтынын ескерсек, онда шамамен 2 миллион қазақстандық ауырған. Мен кейбір жерде қателесуім мүмкін, бірақ бастысы, қазір Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыретіне сай коронавирусқа қатысты есепті қайта жүргізеді, - деді Президент кеңесшісі.
Ол сондай-ақ қайтыс болғандардың санын анықтауға тырысты.
- Енді коронавирустан қайтыс болғандар санына келелік, ресми статистика - 464. 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан қайтыс болғандар саны 3 327 құрайды, бұл - осындай алдыңғы кезеңдегі қайтыс болған 1 896 адаммен салыстырғанда 1,75 есеге көп көрсеткіш. Коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны - кемінде 1 895, ал ең көбі - 3 791. Сондай-ақ, коронавирустан емделген, бірақ оған ауруханада басқа себептерден (жедел жүрек жеткіліксіздігі, инсульт, инфаркт және т.б.) қайтыс болған адамдарды қосу қажет, яғни туыстары жағдайды жасырып, өз қадір-қасиетімен жерлеу үшін өлімнің себебін көрсетпеуге тырысқандар да бар, - деді ол.
Құдайбергеновтың айтуынша, бұл әрекеттер ары қарай да жалғасуы мүмкін, сондықтан оларды да қосу керек, бірақ туыстарын жазалаудың қажеті жоқ, өлгендерді дұрыс жерлеу үшін жағдай жасау қажет.
"Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі ендігіден бастап нақты жағдайды сол қалпында көрсететін болады деп айта аламыз. Бұл цифрлар, әрине қабырға қайыстырады, бірақ қазір біз ең сенімді деректі көрсетуіміз керек. Сонымен қатар, статистиканы түзету қайтыс болған дәрігерлердің әрқайсысына 10 миллион теңгеден төленуі керек дегенді білдіреді", - деп сөзін қорытындылады Олжас Құдайбергенов.