Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздегі зергерлік бұйымдардың 95%-і - жасанды немесе контрабанда

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2020 17:43 Ашық дерекөздерден алынды
Олар Қазақстанға көрші елдерден заңсыз әкелінеді немесе жасырын шеберханаларда дайындалады.

Карантин салдарынан Қазақстанда алтын зергерлік бұйымдардың сатылымы төмендеді, хабарлайды "Хабар 24".

Қымбат металл 2020 жылдың ең тиімді инвестициясы деп танылғанымен, қазір қазақстандықтардың алтынға қаржы құюға асығар емес. Әрине, карантин зергерлік бизнеске де әсер етті. Тойлар болмағандықтан, мерекелік жиындардағы басты кәдеге айналған қымбат әшекейлерге де сұраныс төмендеген. Дегенмен, алтыннан жасалған бұйымдар биыл 10%-ке қымбаттады.

Елімізде сатылатын алтын әшекейлердің 95%-і жасанды немесе контрабандалық бұйымдар. Олар Қазақстанға көрші елдерден заңсыз әкелінеді немесе жасырын шеберханаларда дайындалады. Қазақстанның зергерлер лигасы осылай деп мәлімдеді.

Жасырын шеберханалардың жабдықтары әшекейлерге Ресей, Түркия, тіпті итальяндық өндірушілер шығарған деген жалған таңба қоюға мүмкіндік береді. Зергерлер лигасының хабарлауынша, Ресейде зергерлік бұйымдар шығаратын 5 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Ал, онда дайындалған ресейлік бұйымдардың 48%-і біздің елге экспортталады және алтын әшекейлерді республика аумағына әкелу үшін қосымша құн салығы төленбейтін көрінеді.

Қазақстанның зергерлер лигасының төрағасы Қайсар Жұмағалиевтың айтуынша, Түркияның алтын әшекейлері де елімізге осындай жолмен келеді. Зергерлер шикізатқа ҚҚС босатуды сұрайды

Жалпы алғанда, 1000 зергерлік бұйымның тек екі-үшеуі ғана отандық өнім. Зергерлер лигасының басшысы Қайсар Жұмағалиев нарықта бәсекелестік тең дәреже емес деп есептейді. Оның пікірінше, контрабандамен күресу керек. Әйтпесе, мұндай жағдайда заңға бағынатын зергерлерге кәсібін тоқтатуға тура келеді. Сонымен қатар кәсіпкерлер шикізатты сатып алу кезіндегі қосымша құн салығынан босатуды сұрайды. Бұл салықпен қазақстандық зауыттардан алтын сатып алу тиімсіз. Сондықтан отандық кәсіпкерлер ломбардтардан алтын зергерлік бұйымдарды сатып алып, балқытады. Ал, кейбіреулері алтын өндіретін кәсіпорындардан ұрланған қымбат металды алатын көрінеді.

Жалпы мамандардың айтуынша, егер зергерлік бұйымдарды көлеңкеден шығарып, отандық өндірісті жолға қойса, онда мемлекеттік бюджетке жыл сайын 40 миллиард теңгеге жуық салық түседі. Бүгінде қазақстандық зергерлік саладағы қаржы айналымы 300 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: