Нығматулин: Президент Жолдауы – елді жаңғыртудың жаңа кезеңі
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның алтыншы сессиясындағы алғашқы Бюро отырысы өтті. Бюрода Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алтыншы сессияның ашылуында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген басымдықтарын ескере отырып, депутаттық корпус қызметінің негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Отырысты ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет Басшысының алға қойған міндеттерінің ауқымдылығана тоқталып, олардың шешімі қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларын жаңғырту және қарқынды дамыту үшін қажеттігіне назар аударды.
Сонымен бірге, депутаттарға мемлекеттік басқарудың жаңа моделін заңнамалық қамтамасыз ету, квазимемлекеттік сектордағы реформаларды қолдау, салық заңнамасы мен бюджеттік саясатты жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жасау қажет екеніне тоқталды.Жұмыстың басым бөлігі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартумен, соның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешумен байланысты.
Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Президент Жолдауы – елді жаңғыртудың жаңа кезеңі. Бюро отырысының күн тәртібінің жобасында бірқатар маңызды құжаттарды жұмысқа алу көзделген.
Атап айтқанда,Ұлттық қордан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы, 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобалары бар. Осылардың қатарында: орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасы,сондай-ақ, "Техникалық реттеу туралы" және оған ілеспе заң жобалары бар. Алдағы жалпы отырыста "Ерекше тауарларды бақылау туралы" және оған ілеспе заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі белгіленетін болады.
Сонымен қатар, жұмысқа алынған құжаттардың қатарында "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және ақпарат мәселелері бойынша заң жобалары бар.
Осы күні депутаттар бірқатар ратификациялық заң жобаларын да жұмысқа алмақ. Атап айтсақ, олар: ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екі ел астаналарында елшіліктердің жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісім, Қазақстан мен Солтүстік Македония, Болгария, Корея және Біріккен Араб Әмірліктері елдері арасындағы сотталған адамдарды беру шарттары туралы заң жобалар.
Сондай-ақ, жұмысқа қабылданғандар ішінде ТМД қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенция, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру, ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімдер. Осылардың қатарында, ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты ЕАЭО туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралыратификацияланатын заң жобалары бар.