Тоқаев БҰҰ Бас хатшысын экономиканы ынталандыру шараларын жүзеге асыруға шақырды
БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші сессиясының жалпысаяси пікірсайысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде әлемдік экономикаға келтірілген зиянды атап өтіп, оны қалпына келтіру үшін іс-шараларды жүзеге асыруды шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Жаһандық экономиканы қалпына келтіру үшін келісілген шараларды шұғыл қабылдау қажет. Мен Бас хатшының әлемдік экономиканың 10%-ын құрайтын ынталандыру жөніндегі шаралар топтамасын жүзеге асыру қажет деген үндеуіне қосыламын. Сонымен қатар, оның пандемияға қарсы күрес баршаға бірдей және мол мүмкіндік жасауға бағытталған Жаңа ғаламдық келісімге негізделуі керек деген пікірін қолдаймын", - деді ол бұл ретте.
Президент ең кедей елдердің қарыздарын төлеуін тоқтату жөніндегі шаралар әлемдік нарықтағы теріс факторларды азайтуға және түсініксіздікті төмендетуге ықпал етеді деп есептейді.
"Ұлттық денсаулық сақтау ісіне инвестиция салғандардың қарыздарын жеңілдету" формуласына сәйкес Халықаралық қаржы мекемелері өз жұмыстарына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуі керек. Жаһандық дамуды қаржыландыру жөнінде алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесуде нақты әрі маңызды шаралар қабылданады деп үміттенемін, - деді Тоқаев.
Ол теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер (ТШЖДЕ) сауда-саттыққа және көлік-логистикалық кешенге зор зиянын тигізген COVID-19 індетінен ауыр зардап шегіп жатқанын айтты.
"Осы дамушы елдер тобының қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан Вена іс-қимылдар бағдарламасын жүзеге асыруды жандандыру үшін БҰҰ-ның Жол картасын қабылдауды ұсынды. Азаматтарымыз 2030 жылға дейінгі орнықты дамудың күн тәртібі шеңберінде қол жеткізген нақты нәтижелерден зор үміт күтеді".
"Орнықты дамудың мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-қимылдардың онжылдығы аясында атқарылатын бірлескен іс-әрекеттердің бұрынғы қарқынын қайта қалпына келтіру үшін жедел әрі үйлесімді жұмыс жүргізу қажет. Бұл біздің ұрпағымыз үшін алдағы ең маңызды онжылдық болып табылады".