Жаңалықтар тізбегі
0

Диқандар шетелден әкелінетін техникаға салынатын алымға қарсы шықты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2020 18:20 видеодан кадр
Жұртта ақша жоқ. Утилизациялық алым өнімімі 10 пайызға қымбаттатады.

Үкіметтің шет елден әкелінетін ауыл шаруашылық техникасына салатын утилизациялық алымы жойылсын! Диқандар осындай талаппен Мәжіліс депутаттарына қолқа салып отыр. Алымның бұл түрі ауыл шаруашылығы техникасын қымбаттатып қана коймай, нан мен күріш бағасының шарықтауына әсер етеді дейді. Ал оны енгізген екі бірдей министрліктегілердің айтар өз уәжі бар, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысындағы мына шаруа қожалығы биыл бес мың гектардан астам алқапқа күріш еккен. Енді оны орып алу мұң болып тұр. "Кеңес одағынан қалған комбайндарды жамап-жасқаудан механизаторлар әбден мезі болдық" дейді.

Нариман Сағатбаев, механизатор:

"Ескі айдасаң есің кетеді деп, ол жүреді де бұзылады, тағы бір жері сынады. Ескінің аты - ескі қанша дегенмен. Запчасти анаусы кетеді, мынаусы кетеді, қиын енді. Запчасть алдырамыз, бұзылады, әкеп салып жатсаң, тағы бір жері бұзылып жатады. Оны тағы ремонттайсың".

"Бар гәп биыл Үкіметтің шетелден әкелінетін ауыл шаруашылық техникасына енгізген утилизациялық алымында" дейді шаруалар. Былтыр шыққан қаулы шілдеде күшіне еніп, диқандар биылдыққа жаңадан бірде-бір техника сатып алмаған. Өйткені бұл жаңалықтан соң оның өзіндік құны бірден 10- 20 пайызға өсіпті. Мысалы, 36 миллион теңге тұратын трактор 6,5 миллионға қымбаттаса, 90 миллионның комбайндарына тағы 13 миллион қосылып тұр. Шаруалар бұл жағдай міндетті тұрде ертең ауыл шаруашылығы тауарының өзіндік құнын қымбаттататыны айтады. Айналып келгенде, қағылатын сіз бен біздің қалтамыз.

Сағидулла Сыздықов, шаруа қожалығының басшысы:

"Үкіметтің бұл шарасы ауыл шаруашылығын дамытуды бір қадам артқа тастайды. Қазір пандемия кезеңі. Жұртта ақша жоқ. Ал утилизациялық алым біздің өнімімізді 10 пайызға қымбаттатады. Мысалы, мен жаңа техника сатып алсам, оның бағасын күріштен шығарамын. Меніңше, бұл мүлде ойланбай жасалған қадам".

Ал осы алымды егізген Экология мен Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің өз уәжі бар. Қазір еліміздің егістік алқаптарында 45 мыңнан астам трактор мен 35 мыңдай комбайн жүр екен. Олардың 80 пайызының тозығы жеткен. Утилизациялық алым бірінше кезекте сол техниканы жаңалауға бағытталған шара көрінеді.

Руслан Хисамутдинов, ҚР ИИДМ машина жасау басқармасының бас сарапшысы:

"Біздің елде ауыл шаруашылығы техникасын жаңалау коэффициенті 3 пайызға да жетпейді. Ал бұл саланы дамыту үшін бұл көрсеткіш кем дегенде екі есе артық болуы шарты. Утилизациялық алымды тек астық және шөп оратын техникаға ғана енгізіп отырмыз. Өйткені олар өз зауыттарымыздан шығады. Бір жағынан бұл алым отандық өндірісті дамытуға бағытталған".

Сондай-ақ, бұл алым шаруалардың техника жаңалауға деген ынтасын арттыру үшін де енгізіліпті. Ал диқандар ескі техниканы өткізсек, астықты немен орамыз деп отыр. Өйткені денінің жаңасын алуға шамасы жоқ. Ал утилизиялық алым енгелі отандық техниканың құны бірден 10 пайызға қымбаттаған. Оның үстіне барлық қосалқы бөлшектердің шет елден келетіндіектен, пандемияның кесірінен елде шығарылатын трактор мен комбайндар күрт кеміген. Осыны айтып, еліміздің астық, картоп, ет және көкөніс одақтары жанайқайымызды жоғары жаққа жеткізіңдер деп халық қалаулыралына қолқа салған екен.

Мұрат Теміржанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

"Алымның бұл түрі шаруалардың техника жаңалаймын деген армандарын сағым етіп тастамай ма? Олар еріккендерінен ескі техникасын ұстап отырған жоқ. Жаңасын алуға ақшалары жоқ. Енді утилизациялық алым деп оны тағы 10 пайызға қымбаттатқан. Меніңше, Үкімет бұл қаулыны қабылдағанда жан жақты ойланбаған. Артық қыламын деп тыртық қылған жоқ па деймін".

Алайда министрліктегілер тыртық түгілі түгі жоқ деп отыр. Олар тіпті ескі техникасын тапсырған шаруаға 3 миллион теңгеге дейін жеңілдік сертификаттарын беруге дайын екен. Сондай- ақ, утилизациялық алым енгізілгелі шет елдік компаниялардың Қазақстанда техника шығаруға деген ынтасы да артты дейді. Мейлі, солай да шығар. Алайда, алқаптарда құрығанда 15-20 жыл егін оратын техникаға неге алым ескірген кезде емес, су жаңа күйі тұрғанда салынуы тиіс деген шаруалардың заңды сауалына тұщымды жауап жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: