Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі немен шұғылданады?
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі немен шұғылданатындығы белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттiк статистикалық қызмет, реформалар жүргізу және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Агенттіктің міндеттері:
1) стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
2) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен жаңғыртуға қатысу;
3) елдің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін әзірлеу;
4) мемлекеттік статистикалық қызметті дамыту, оның ішінде статистикалық әдіснаманы қалыптастыру және статистикалық ақпараттың анықтығын қамтамасыз ету арқылы дамыту.
Агенттіктің функциялары:
1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актіні әзірлеу;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әдіснамасы мәселелерін реттейтін құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
3) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
4) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу, түзету, олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарына мониторинг пен бағалау жүргізу;
5) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау, келісу, олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін, реформаларды жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау;
7) ведомствоаралық келіспеушіліктер туындаған жағдайда реформаларды іске асыруға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар беру;
8) мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;
9) елдің дамуын, халықаралық үрдістерді стратегиялық болжау және оларға талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды тұжырымдай отырып, әлемдік тәжірибені зерделеу;
10) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу әдіснамасын жетілдіру, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
11) ведомстволық статистикалық байқаулар саласындағы жұмыстарды әдіснамалық сүйемелдеу;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге де республикалық, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақпаратты жүйелі түрде жинау, тексеру және сыныптау;
13) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын іске асыру мақсатында қабылданатын жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республика-сы Президентінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
Ведомствоның функциялары:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және ведомстволық статистика саласындағы құқықтық актілерді бекіту;
3) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
5) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіру;
6) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және ынтымақтастық аясында шарттар жасасу;
7) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде алдағы күнтізбелік жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
8) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;
9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу;
10) алғашқы статистикалық деректерді жинауды жүзеге асыру және (немесе) әкімшілікті деректерді алу, оларды қорыту мен талдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;
11) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;
12) әкімшілік деректерді тек қана статистикалық ақпаратты жасау және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдалану;
13) статистикалық сыныптауыштарды әзірлеу және бекіту;
14) мемлекеттік статистика органдарын уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық сыныптауыштармен қамтамасыз ету;
15) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:
статистикалық бизнес-тіркелім;
халықтың статистикалық тіркелімі;
ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі;
тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;
16) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорлардың жинақталуын, жүргізілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету;
17) респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;
18) мемлекеттік статистика органдары статистикалық қызметінің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне талдау жүргізу және талдау жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату;
19) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыру;
20) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлеу;
21) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту;
22) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемені әзірлеу және бекіту;
23) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін бекіту;
24) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекіту;
25) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бекіту;
26) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту;
27) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;
28) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ бағаларды тіркеуді жүргізу;
29) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;
30) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу;
31) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекіту;
32) уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;
33) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;
34) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекіту;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында салықтық құпия ретінде айқындалған, ұсынылатын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін бекіту;
36) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар қабылдаған, реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілерді жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
37) дерекқорларды ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекіту;
38) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекіту;
39) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекіту;
40) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
41) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұсыну енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беру;
42) өз құзыреті шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымды қарау;
43) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;
44) монополияға қарсы органның келісуімен мемлекеттік монополия субъектісі, ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын белгілеу;
45) Ұлттық санақтар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
46) ұлттық санақ жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
47) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
48) санақ парақтарын әзірлеу және бекіту;
49) ұлттық санақтарды жүргізу;
50) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
51) мемлекеттік органдармен ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл жасау туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;
52) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыру мен жариялауды қамтамасыз ету;
53) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту;
54) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту;
55) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту;
56) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;
57) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қызметіне қанағаттану деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауалнама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
58) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен тестілеу жүргізу және жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың жобаларын талқылау қағидалары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;
59) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің саны мен олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;
60) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
62) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
63) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салуы бойынша сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы мәліметтер ұсыну;
64) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;
65) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі алғашқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;
66) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорлары мен олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеу мен жаңартуды қамтамасыз ету;
67) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;
68) статистикалық жарияланымдардың қалыптастырылуын қамтамасыз ету және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті орган ведомствосының таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты тарату;
69) заңнамада көзделген жағдайларда ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;
70) Қазақстан Республикасының заңнамасында Ұлттық статистика бюросына жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.
Алға қойылған міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін Агенттікке мынадай құқықтар мен міндеттер беріледі:
1) стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Ұлттық банкінен, орталық мемлекеттік органдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан сұрату және алу;
3) стратегиялық жоспарлау саласында заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;
4) халықаралық шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдерге қол қою;
5) шетелдік сарапшылар мен консультанттарды заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;
6) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құру;
7) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
8) құпиялылық талаптарын ескере отырып, алғашқы және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;
9) Агенттіктің, оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, қабылдау және бекіту;
10) Агенттікке, ведомствоға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
11) Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.