Жаңалықтар тізбегі
0

Экология министрлігі "Өсімдіктер әлемі туралы" Заң жобасын таныстырды

ohranatruda.of.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 16:56 ohranatruda.of.by
Заң жобаларын желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу жоспарлануда.

Экология министрлігінде вице-министр Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен zoom-конференция режимінде депутаттық корпустың, мүдделі мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, БАҚ-тың, азаматтық секторының қатысуымен "Өсімдік әлемі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдік дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын жария талқылау өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта қолданыстағы Орман кодексінде және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңда өсімдіктер дүниесі объектілерін тек мемлекеттік орман қоры жерлерінде, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жалпы алаңы 30 млн.га ғана қорғау, молайту және пайдалану мәселелері реттелген, бұл республика аумағының тек 11%-ын құрайды.

Мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен тыс жерлерде өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдалану жөніндегі мәселелер заңнамада реттелмеген.

"Осы маңызды табиғи объектіге қатысты мемлекеттік құқықтар мен мүдделерді қорғау тетіктерін айқындайтын тұтас, көпжоспарлы заңнамалық акт жоқ екенін, өсімдіктер дүниесін қорғауға, оның барлық алуан түрлілігін молайту мен ұтымды пайдалануға қойылатын регламенттеуші талаптар жоқ екенін атап өту қажет. Осыған байланысты, Қазақстан тараптардың бірі болып табылатын халықаралық конвенциялардың ережелеріне сәйкес "Өсімдіктер әлемі туралы" ҚР арнайы Заңын қабылдау қажеттілігі туындап отыр", - деп атап өтті Е.Нысанбаев.

Өсімдіктер әлемі туралы ұқсас заңдар Австралияда, Канадада, Оңтүстік Кореяда және Еуропалық Одақ елдерінде бар, олар өсімдіктер әлемі объектілерін сақтау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған заң жобаларын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды, оған қоғамдық табиғат қорғау ұйымдары мен ғылыми мекемелердің өкілдері кірді. Заң жобалары бойынша құқықтық, экономикалық және экологиялық сараптамалардың қорытындылары және мүдделі мемлекеттік органдардың келісімі алынды.

Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаттары:

- өсімдіктер дүниесі объектілерін олардың барлық алуан түрлілігінде қорғау және пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуді, сондай-ақ республиканың бүкіл аумағында жабайы өсімдіктер түрлерінің өсу ортасын қорғауды қамтамасыз ету;

- табиғи өсімдік ресурстарын және өсімдік әлемінің генетикалық қорын сақтау, өсімін молайту, ұтымды және теңгерімді пайдалану мәселелерін тиімді басқару, халықтың осы табиғи ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;

- өсімдіктер дүниесі ресурстарын пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу, сондай-ақ өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта заң жобалары жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен белсенді талқылау кезеңінен өтуде. Заң жобаларымен Министрліктің ресми сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жоғары тамырлы өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі, саңырауқұлақтардың 4850 түрі, балдырлардың 2000 түрі, мүктер мен қыналардың 1000 түрі бар. Осы өсімдік түрлерінің жалпы санынан 1406 түрі дәрілік өсімдіктер болып табылады, оның ішінде 220 түрі ресми медицинада танылған, 387 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген ретінде енгізілген, ежелгі уақыттан бері өсіп келе жатқан реликті өсімдіктердің 110 түрі, сондай-ақ өсімдіктердің 698 эндемикалық түрі тек Қазақстанда ғана өседі.

Аталған заң жобалары бойынша Парламент Сенатының депутаттары А.Қ. Күрішбаев, Н.Н. Қылышбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары С. А. Қаныбеков, Р.У. Ким, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың өкілдері өз ұстанымдарын білдірді.

"Өсімдіктер әлемі туралы" Заң жобасын қабылдау қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен қарама-қайшылықтарды жоюға, өсімдік әлемінің ресурстарын қорғау, молайту және олардың барлық алуан түрлілігінде пайдалану мәселелері бойынша құқықтық тетіктерді енгізуге, өсімдік ресурстарын пайдалану (жинау, қайта өңдеу) саласында инвестициялар тарту және шағын бизнесті дамытуға, сондай-ақ халықтың экологиялық тәрбиесі мен білім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Е.Нысанбаев.

Осы Заңдардың жобаларын ағымдағы жылдың желтоқсан айында Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: