Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылда болашақ жоқ. Жастар жаппай қалаға қашуда

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2020 15:52 видеодан кадр
Үлкен қалада өзін-өзі жоғалтып алып, сенделіп жүрген тағдырлар да жетерлік.

Ауылда тұрғым келмейді! Қалада білім алып, шаһардың қызу тірлігіне бой үйреткен жастарымыздың шалғайдағы елдімекендерге барғысы жоқ! Әрине, жігіттер қора тазалап, отын жарып, қыздарымыз сиыр сауып, май шайқап жүргісі келмейтіні айдан анық. Бірақ қиыры жоқ шаруаны шырқ айналдырып жүрген ауылдың қарапайым келіндері кейінгі кездері елдің назарын жаулауда. Олардың күн сайынғы әрекетін әлеуметтік желілерде аңдып отыратындар қатары артқан, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қазіргі қыздар ауылдың жігітіне тұрмысқа шығып, сиыр сауып, сүт тартып, от жағудан қашады. Қалаға қызығып, шаһарда өмір сүргісі келеді. Дегенмен, ауылда да тіршілік етіп, өсіп-өніп жатқандар бар. Көзін тапқандар жұрттан озуда. Бірақ, көп бойжеткен неге қалада тұруды құп көреді?

Иә, ауылдың таза ауасы мен ми ми сергітер мүлгіген тыныштығын көбіміздің сағынатынымыз рас. Кейде қаланың күйбең тіршілігінен шаршағанда, барып демалып келетініміз тағы бар. Бірақ, ауылда өмір сүруден көп бойжеткеннің қашатыны жасырын емес. От жағуды, сиыр сауып, сүт тартуды, құрт жаюды қиын жұмыс көреді.

Мәселен, ауылда туып-өсіп, бұл күнде қалада тұрып жатқан Айгерім шаһар тіршілігін құп көреді. Оның өзіндік себебі бар екен.

Айгерім Спандиярова, қала тұрғыны:

"Сиыр сауғым келмейді. Мысалы қысты күні су тасып жүру қиын мен үшін. Егер ауылдың адамына тұрмысқа шықсам онда мен ол кісіге айтар едім: қалада тұрайық деп. Себебі, ауылда тұрған мен үшін қиын. Күйеуім келіспесе қаладан жігіт табамын деп па?".

Бұл – тракторшының махаббаты. Сиыр сауып, сүт тартып, май шайқайды. Ол аз десеңіз, қой қырқып, қора тазалап, шөп те жинайды. Мұндай тірлікті қомсынбайды. Өйткені, ауыл тіршілігін жанымен сүйетінін айтып, ағынан жарылды.

Айнұр Жакенова, блогер:

"Менің негізгі блогымның мақсаты да – мен жастарды ауылға шақырамын. Ауылға келіңіздер, еңбек етіңіздер, малшы қойшы, тракторшы жігіттеріңізді ұстап алып, қолтықтап алып, қалаға кетпеңіздер. Ауыл қаңырап қалмасын деп көбінесе жастарды ауылға шақырамын".

Ақтөбенің блогер келіні бір қолымен бесік тербетіп үш бала тәрбиелеп қана отырған жоқ. Қалада не үйі, не күйі жоқ көптеген бойжеткендердің қолынна келмейтін тірлікті де дөңгелетіп отыр. Әлеуметтік желіні ұршықша үйіруде. Бұл күнде инстаграмын желісінде 240 мың оқырманы бар. Оларға шалғайда да өмір барын, шалқып өмір сүруге болатынын дәлелдеп жүр. Ең бастысы – бақытты.

Айнұр Жакенова, блогер:

"Менің таңертеңім жаздың күні сағат 4-4:30-да тұрудан басталады. 10 сиыр сауудан. Сонымен қатар ауылда газ жоқ, от жағамыз деген сияқты".

Батыстың келіні Мейрамгүл Төлегенова да ерінбей-жалықпай инста әлемінде ауыл өмірін насихаттап жүр. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген тәмсілдің қала мен дала таңдамайтынын талайға дәлелдеген жан. Жеміс-жидек сатып, темір тұлпар тізгіндегін келіншектің замандас құрбыларына айтар кеңесі де бар.

Мейрамгүл Төлегенова, блогер:

"Негізінде ауылда өмір сүру ауылдың қадірін ауылда тұратын адамдар біледі. Негізінде ауылда өмір сүру қиын емес. Ол үшін тек қана еңбекқор болу керек. Ерте тұрып, ерте жатып деген сияқты. Ауылда қазір жақсы мүмкіндіктер бар: газ бар, су бар ішке кіріп тұрған. Ол да қаланың несімен бірдей ғой, шапшаңдық керек".

Бұл күнде қаланың "супер келіншегі" Ақжарқынға да ауыл тіршілігі таңсық емес екен. Біраз уақыт сонда тұрыпты. Ата-енесінің ақ батасын алып, қалаға қныс аударған
фудблогер мұнда мал жоқ демесеңіз, барлық тірлікті ұқсатуға болады дейді.

Ақжарқын Жетебаева, блогер:

"Болашақ қалада, өмір қалада, дамыңдар, өсіңдер деп бізге ата-анамыз ақжол тілеп, батасын беріп, өздері де жанымызға келіп қазір бірге тұрамыз".

"Жастығымның куәсі шұрқыраған ауылым, Жусаны мен жуасы бұрқыраған ауылым".

Қазіргі таңда еңсесі енлі тіктеліп келе жатқан ауыл өмірін әлеуметтік желі арқылы бақылап, тамсанатындардың қарасы көбейген. Бірақ, сонда да ауылға барып тұруға көбінің әлі де құлқы жоқ. Неге?

Әркім қалаға әртүрлі мақсатпен келеді. Біреуі білім қуып, өзгесі жұмыс іздеп. Алып шаһарларда бақытын тауып, бақуатты өмір сүріп жатқандар да бар. Өзін-өзі жоғалтып алып, сенделіп жүрген тағдырлар да жетерлік. Қалада тұра ма, әлде ауылда өмір сүре ме, ол әрине әркімнің еркі. Бірақ, қаладан жан тыныштығын таппаған жандар "ауылды жерге туын тігіп жатса" құба-құп дейміз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: