Жаңалықтар тізбегі
0

Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады – Б.Атамқұлов

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2020 17:25 primeminister.kz
Күн сайын 330 мың жұп перчатка шығарылады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халықты дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Б.Атамқұлов атап өткендей, 9 айдың қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 39,8% өсті.

"Өсім "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді", – деді министр.

Еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруді 96 кәсіпорын жүзеге асырады.

Бүгінде отандық тауар өндірушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 мың атауына 88 ұзақ мерзімді шарт жасады.

Отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығаруда. Қоймаларда 18 млн маска бар. Бұл ретте, кәсіпорындардың өндіріс қуаттылығы тәулігіне 1,2 млн данаға дейін медицина маскасын шығаруға мүмкіндік береді.

Күн сайын 330 мың жұп перчатка шығарылады. Қоймаларда 7 млн аса жұп перчатка бар. Ағымдағы жылдың қараша айында оның қуаттылығы тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылатын болады.

Бүгінде 6 отандық компания айына 504 мың қорғаныс костюмін шығарады. Жыл соңына дейін оның қуаттылығы 1 млн дейін арттырылатын болады.

"Індеттің екінші толқыны жағдайында фармацевтика саласының кәсіпорындары дәрілік заттардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге дайын", – деді Б.Атамқұлов.

Өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттарына республика бойынша барлық қажеттілік 1500 бірлік аппаратты құрайды.

Бүгінгі күні Қазақстанның 17 өңіріндегі 297 аурухана үшін барлық 1500 бірлік (100%) ӨЖЖ стационарлық аппараты өндірілді және жеткізілді.

Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобилі шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді.

Бүгінгі таңда қалған 156 бірлік көлік жеткізілуде. Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде 5 қарашаға дейін 1 167 бірлік санитарлық көлік жеткізілетін болады.

Бүгінгі таңда жылжымалы медициналық кешендердің 63 бірлігі дайындалды. Бүгінде 45 бірлік медициналық кешені жөнелтілді, оның 25 бірлігі өңірлерге жеткізіліп, беру процесі жүргізілуде. Қалған 18 кешен ертең жөнелтіледі. 37 бірлік өндірісте және ағымдағы жылдың 23 қазанына дейін жөнелтілетін болады.

Жергілікті атқарушы органдар "Ақтөберентген" АҚ-мен 49 бірлік рентген аппаратын өндіруге келісімшарттар жасасты. Алғашқы 12 аппарат 9 қазанда Ақтөбе қаласына жеткізілді. Қалған 37 бірлік аппаратты жөнелту ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқталатын болады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық барысында облыстың медициналық ұйымдарын дәрілік заттармен және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету үшін 2,1 млрд теңге қаражат бөлінген.

"Аталған қаржыға 362 млн теңгеге дәрілік заттар, 1,5 млрд теңгеге медициналық бұйымдар, 185 млн теңгеге дезинфекциялық ертінділер сатып алынды. Сатып алынған құралдардың 70%-ы медициналық мекемелерде, қалған 30%-ы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасында қор ретінде сақталуда", – деді Ө.Шөкеев.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың амбулаториялық деңгейде науқастарға қалыптастырылған өтінімдеріне сәйкес, а.ж. 16 қазанындағы жағдай бойынша ол 5,9 млн теңгеге (77%) қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, Бірыңғай дистрибютор СК-Фармацияға қажеттілікке сәйкес 32 млн теңгеге қосымша өтінім берілді.

"Облыс аумағында 557 бөлшек сауда дәріханасы бар, оның 238-імен өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды, олар дәрі-дәрмекті біз белгілеген бағамен сататын болады. Халықты маскамен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ересектерге 1,5 млн дана және балалар үшін 1 млн дана қосымша өтінім берілді", – деп нақтылады облыс басшысы.

Облыс бойынша ӨЖЖ аппараттарының саны 178-ден қысқа мерзім ішінде 332-ге дейін жеткізілген, өсім – 46%. Оттегі станцияларының саны 2 есеге артып, қосымша 4 станция орнатылды.

"80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетіп, өсім 95%-ды құрады. Оған қоса, оттегі нүктелерінің саны 9,7 есеге артып, 2005 нүктеге дейін ұлғайды. Сондай-ақ 1 компьютерлік томограф пен 3 цифрлық рентген аппараты алынды. ПТР зертханаларының саны 9 бірлікке дейін өсті", – деді Ө. Шөкеев.

Бұдан басқа, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, жылжымалы медициналық кешенмен облыс аудандарын қамтамасыз ету көрсеткіші 100% құрады. Алдағы уақытта жедел жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарлануда, бұл жедел жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемі жеткілікті. Өз кезегінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пандемиямен күресуге жергілікті бюджеттен 13 млрд теңге бөлінгенін, оның ішінде екінші толқынына дайындық үшін 8,1 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

Облыстың медицина мекемелерінде жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры, дәрілік заттардың екі айлық қоры бар.

"Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, тұрақтандыру қорына қосымша 800 млн теңге бөлініп, ол 1,3 млрд теңгені құрады. "INKAR" ЖШС бірыңғай дистребьютерімен 500 млн теңгеге дәрілік заттардың 30 түрін сатып алуға келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, "СК Фармация" арқылы дәріханалар үшін 63 млн теңгеге өтінім берілді (33 түрлі дәрі), 1 млн маска алынды", – деді А.Баталов.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92 млн теңгеге вирусқа қарсы препараттар сатып алынды (4 түрлі дәрі). Облыстың 1202 дәріханасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуы мен бағасына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ.

Облыста жеке қорғану құралдары өндірісі жолға қойылған. Осы саладағы ірі кәсіпорындар – "Долче" ЖШС, "СП "Абди Ибрахим Глобал Фарм", "Келун-Казфарм".

Тәулігіне барлығы 250 мыңнан астам маска шығарылады.

Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын күшейту шаралары қабылданды.

3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 150 ӨЖЖ аппараты сатып алынды.

180 жедел жәрдем көлігі және 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.

Облыстың 13 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, 1070 оттегі концентраторы сатып алынды. 5 қазанда 200 төсек-орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді.

"Жалпы облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,1% құрады, тәулігіне 4 жағдай тіркелді. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жұмысы бақылауда", – деді А. Баталов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: