Қазақстанның тамақ өнімдері шетелде сұранысқа ие – Сауда және Интеграция министрлігі
Бүгін, 2020 жылғы 26 қазанда сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол сауда ведомствосының еліміздің Президентінің қыркүйектегі Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы айтып, Сауда және интеграция министрлігінің міндеттерін, ведомство бүгінде қалай және немен жұмыс істеп жатқанын және оның жалпы экономикаға қалай әсер ететінін түсіндірді.
"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Сауда және интеграция министрлігінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды, оларды іске асыру еліміздің экономикасын тұрақты дамытуға әкеледі" - деп түсіндірді Б. Сұлтанов. – "Бірінші кезекте, сөз шикізаттық емес экспортты ұлғайту туралы".
Оның жартысына жуығы (42%) қазір жоғары және орташа қайта өңдеу сатысындағы өнімінен тұрады. Өңделген экспорттың негізгі тауарлары - мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалары, уран, мұнай өңдеу өнімі және басқалар.
Әлемде пандемия салдарынан қалыптасқан сауда-экономикалық өзгерістер бір жағынан тәуекелдерді туындатса, басқа жағынан отандық кәсіпорындардың ең жоғары қосылған құны бар өнімді өндіруге көшуіне "мүмкіндік терезесін" ашады.
Ағымдағы жылы пандемия әсерінен отандық өнімді дәстүрлі сатып алушылардың бірқатары өзінің өндіріс көлемін қысқартып, қазақстандық өнімді сатып алуды бәсеңдетті.
8 айдың қорытындысы бойынша өңделген тауарларлдың экспорты 7,3%-ға 10,4-тен 9,7 млрд АҚШ долларына дейін азайды. Экспорттың негізгі төмендеуі мұнай өнімдерінің (-332,6 млн $), ферроқорытпаларының (-249,7 млн $), мырыштың (-121,2 млн $) жеткізілімінің қысқаруы және бағалардың төмендеуі есебінен болды.
Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібін жеткізудің өсуі байқалады. Өсудің негізгі драйверлері: ұн, күнбағыс майы, макарон, сиыр еті, соя майы.
Машина жасау өнімдерінің экспорты өсті. Мысалы, жылжымалы құрам бөліктерін жеткізу 3,2 есеге, жеңіл автокөліктерді жеткізу 3 есеге артты.