Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбек, тәжік, қырғыздар еліне қайтып, Қазақстанда жұмысшы тапшы боп тұр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2020 22:18 видеодан кадр
Қазақ жалқау десе,жақтырмаймыз. Бірақ ауыр жұмыстан қашамыз.

Тепсе темір үзетін жігіттеріміз күзетші боп жүр. Сөйте тұра өзімізше өзбекке мұрнымызды шүйіреміз. Өтірік емес қой. Енді міне, дәл карантин уақытында сол өзбек, тәжіктің жоқтығы білініп қалды. Қазір бизнесмендер, сенесіз бе жұмысшы таба алмай кәсіптерін жауып жатқан көрінеді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Интернетте "бизнесімді сатамын" деген сарындағы хабарламадан көз сүрінеді.

Жұмыс бар дейді, жұмысшы қат. Қырғыз, тәжік, өзбектің 3 мыңға жасап беретін қызметіне қазекем 2 есе, тіпті 3 есе артық тиын сұрайды. Бермесең, істемейді де, жұмыс жоқ, ақша жоқ, кредитім бар еді, қайтіп төлеймін, Үкімет қайда қарап отыр деп өздері отыра береді! Әрине, бәріне бірдей топырақ шашпаймыз. Бірақ бұлай айтуымыз да жай емес.
Індет жетті. Іштегі қырғыз, тәжік, өзбек, өз еліне кетті. Амалсыз. Әйтпесе, қазақтың жерінде жап-жақсы жұмыс істеп жүр еді ғой.

Өз ағасы өзбекке сылағын сылатып, қырғызға қабырғасын қалатып үйренген қазақ амал жоқ, қара жұмысқа өзі жегілуге мәжбүр. Бірақ бес-он тиынды біздікілер бәлсіне қойса жақсы.

Марат, кәсіпкер:

Қара жұмыс, ауыр жұмыс болса да, Қазақстан азаматтары жұмыс жасайтын болса, бағасын өсіріп айтады. Үлкен жалақымен істегеннен кейін ол продукцияның өсім кетеді бағасы. Ол продукцияны біз сата алмаймыз.

Ал өнімді сата алмасаң, тұралаған кәсіптен не пайда?

Әрине өз еліңде, өз халқыңға көмектесіп, өз халқыңды жұмысқа алып, жасаған дұрыс. Бірақ, егер де біздің азаматтарымыз жұмыс істегісі келмесе, біз не істеуіміз керек?

Данабек Тағаевтың да тірлігін тәжік, өзбек тындырып келген. Ал қазір қара жұмыста қазақтар.

Данабек Тағаев, бригадир:

Бұрынғы айырмашылығы өзбек, қырғыздар, әзербайжандар істеп жүргенде 5 мыңнан алатын. Ол кезде қазақтар керек емес, жұмысшылар керек емес. Өйткені олар ол бағамен істегісі келмеді. олар қазір кеткелі бізде қазір ең төменгі 7,5 күндік ақысы 9,5-нан беріп жатырмыз.

Иә, пандемияға байланысты шетелдік жұмыскерлердің саны едәуір қысқарғанын салаға жауаптылар да мойындайды.

Ерболат Абулхатин, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:

Шетелден келетін жұмыс күшін тарту квотасы екі есеге азайды. Биылғы белгіленген квота шеңберінде қазіргі күні 15871 адам шетелдік жұмыс күші жұмыс істейді.

Бұл биылғы статистика. Ал былтыр ішкі істер министрлігі бас сауғалап келген 414 мың шетелдікті шекарадан өткізген. Оның 394 мыңы Өзбекстан азаматы.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Оның 82 проценті құрылыста, 9 проценті үй жұмысында, 6 проценті бау-бақша жұмысында істеген. Осының өзінен-ақ біздің еліміздің негізгі қара жұмыс күші өзбек азаматтары екені көрініп отыр.

Табыстары да тәп тәуір. Былтырғы жылдың алғашқы 9 айында банктер арқылы Өзбекстанға 108 млн доллар ақша аударылған. Ал Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары осы уақыт аралығында елімізге небары 25 млн доллар ғана жөнелтіпті. Айырмасы айдан анық. Жо-жоқ бұл қазақтың бәрі жалқау деген сөз емес.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

Біз беретін ақшаны менсінбейді, місе тұтпайды, қазақтар жұмыссыз деген сияқты. Сырттан келетіндер ешқандай да салық төлемейтін болса, мемлекетке пайдасын тигізбейтін болса, олар арзан ақшаға қорықпай да бара береді. Ал қазақтандықтардың қатты ынтызар болмауы, өз құндарын білетіндіктен.

Салық төлемейді. Бұл бір. Екіншіден, біз менсінбейтін 5 мың оларға әжептеуір ақша. Кәсіпкерге де керегі осы. Қиын жұмысын арзан ақшаға істетіп алады. Ал бұл елдегі жұмыссыздар санын артырып отыр.

Алтынай Қосыбаева, Жұмыспен қамту орталығы Азаматтарды қабылдау және БАҚ жөніндегі директордың кеңесшісі:

Төтенше жағдайды жариялағаннан бастап халықты жұмыспен қамту орталығына 24 мыңнан астам азамат келіп жүгінді. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 43 пайызға көбейді деп айтуға болады.

Орталықтан екі қолға бір күрек дәметіп келгеннің бәрі бірдей ұсынған жалақыны місе тұтпайтыны тағы бар.

Алтынай Қосыбаева, Жұмыспен қамту орталығы Азаматтарды қабылдау және БАҚ жөніндегі директордың кеңесшісі:

100-ден жоғары. 500 мыңның көлемінде сұрап келеді.

Әйтпесе жұмыс көп.

Бүгінгі күнде талап етіліп отырған мамандар ол сауда-саттықта жүрген кассир, сатушы, жүргізуші, автобус жүргізушісі, дәрігерлер, күзетшілер, құрылыс жөніндегі мамандар. Сварщик, монтажер.

Күніміз қашанғы көрші елдің келімсектеріне қарап отырсын?! Сайып келгенде, бар айып қымбатшылықта.

Бауыржан Ысқақ, экономист:

Орташа жалақы 160-170 мыңдай болатын болса, соның 100 мыңдайын қара жұмыс иелеріне беретін болса, тапшылықты сезініп жатқан салалардың барлығын жұмыспен қамтамасыз ете аламыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: