Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылшаруашылық техникасын қайта өңдеуге қабылдау басталды

ӨКМ Операторы баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2020 20:57 ӨКМ Операторы баспасөз қызметі
Жеңілдік сертификатының құны 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.

Бүгіннен бастап елімізде істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеуге қабылдаудың пилоттық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама Қарағанды облысындағы ескі көліктерді қайта өңдейтін зауыт алаңында ресми түрде бастау алды. Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері, ӨКМ Операторы басшылығы, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Тозығы жеткен агротехниканы қабылдау Қазақстанның 10 аймағында (Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Тараз) жүзеге асырылады. Айта кету керек пилоттық жоба аясында комбайндар әзірге Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау қаласында қабылданады. Тракторлар мен комбайн тапсырғандарға жеңілдік сертификаттары беріледі. Жеңілдік сертификатының құны ауылшаруашылығы техникасының түрі мен жинтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.

Бағдарламаның бастауын Ақмола облысындағы «Родина» агрофирмасы ашты. Аталған шаруа қожалығы Қарағандыдағы қабылдау бекетіне тозығы жеткен Т402 үлгісіндегі шынжыр табанды 6 трактор әкеліп тапсырды. Толық жиынтықтағы техниканың әрқайсысы миллион теңгеге бағаланды.

Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған су жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған автокөлік құралын сатып алатын кезде пайдалануға болады. Сонымен қатар екі сертификатты біріктіруге және сертификатты басқа адамның атына тіркеуге (2 реттен артық емес) мүмкіндік бар. Сертификат тіркелген сәттен бастап оның қолданылу мерзімі-12 ай.

Ауыл шаруашылығы техникасын қабылдаудың пилоттық бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 100 трактор мен 20 комбайн қабылдау жоспарланып отыр.

Тозығы жеткен аграрлық техниканы қайта өңдеуге тапсыру, еліміздегі 80%-ға ескірген ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық таза көлік құралдарын өндіруді ынталандырады және қайта өңдеудің толыққанды жүйесін құруға ықпал етеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2020 20:57

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: