Жаңалықтар тізбегі
0

Ығай-сығайлар. Олар мәслихат депутаты болып жарытпайды

Nur Otan, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 21:06 Nur Otan
Биліктің негізгі тұтқасы әкімнің қолында болғаннан кейін мәслихатта ешқандай құзырет жоқ.

Парламент көппартиялы болуы керек деді президент. Бұл шара іс жүзінде қалай іске асар екен? Мәжіліс пен мәслихат депутаттығынан үміткерлерді осы лауазымға үміттілерді тіркеу басталды. Енді кандидаттар тіркеледі. Сосын үгіт-насихатқа кіріседі, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бас қаладағы округтерден сайланғандар кім өзі деп ақтара түстік. Директортар, компания басшысылары, бас дәрігерлер. Астананың ығай-сығайларының бәрі осында екен. Жұмамұрат Шәмшінің өзі де 10 жыл бұрын мәслихат депутаты болған. Жүйені ішінен біледі. Шаһарға қатысты мәселелер, мандаты барларды қатты алаңдата қоймайтынына сенімді.

Жұмамұрат Шәмші, тарихшы, қоғам белсендісі:

Олар мәслихат депутаты болып жарытпайды. Олардың уақыттары жоқ баруға. Әкімдік ішінде болып жатқан тендерлер, жиналыстарына қатыса алмайды. Уақыттары жоқ. Жағдайларын жасап қойған адамдар. Жаңағы 30-40 арасындағы жастар келсе олар қоғамдағы мәселелердің тетіктерін табар еді. Екіншіден олар жас, энергиялы, ой-пікірі бар.

Біздің елде 216 осындай мәслихат бар. Ол жерде 3 мыңға тарта депутат отыр, соның ішінде тек 2 проценті ғана жастар. Халықтың мәселесін шешеміз деп барғандар жеме-жемге келгенде неге тайқып шыға келеді?

Дос Көшім, саясаттанушы:

Биліктің негізгі тұтқасы әкімнің қолында болғаннан кейін мәслихатта ешқандай құзырет жоқ. Иә, оларға берілген әкімге сенімсіздік көрсету. Бірақ, оны ешкім жасамайды. Себебі, мәслихат депутаттарының көбі сол әкімдердің қолдауымен, тізімімен келетіні анық. Қысқасы біздің билік жүйесінде атқарушы билік бірінші орында тұр да, ал халық сайлап қоятын мәслихат, Мәжіліс екінші орында. Демек биліктің жүйесі бұзылуы керек. Жүйе бұзылмаса әкімнің айтқаны әр уақытта алтын болады.

Бірақ, алдағы сайлаудан бір өзгеріс күтетініміз анық. Мемлекет басшысы жастар мен нәзік жандылардың үлесі 30 пайыздан кем болмасын деді. Саясаттанушы Самат Нұртаза мәжіліс пен мәслихаттың құрамы сан алуан болса жарасады деген ойын жеткізді.

Самат Нұртаза, саясаттанушы:

Парламентке жастардың келуі жақсы нәрсе. Себебі жастарда идея, креативті ойлар болады дегендей. Алайда біз тарихта, мәдениетке үңілсек, қазақ халқы өзі бай-шонжар, ауқатты адамдардың сөзі өтетін қазақ халқына. Сондықтан ондай тәжірибелі бизнесмен кісілердің, іскер адамдардың парламентте болғаны дұрыс деп есептеймін. Біржақты болу керек емес.

Парламент мамыр айында сайлау туралы заң қабылдады. Сенатор Мұрат Бахтиярұлы бұл елеулі өзгеріс дейді. Бірақ, сол заңды орындауға келгенде бармақ басты, көз қысты көп болып кетпесе деп алаңдайды. Мұндай былық шықса атқарушы билікке сын екен.

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Соңғы президент сайлауында, оның адындағы парламент сайлауында да сайлау учаскелерінде бұрмалаулар болды. Мойындауымыз керек. Ондайлар болды. Халықтың билікке сенімінің бірден бір тетіктерінің бірі сол елде сайлаудың әділетті өтуіне байланысты. Келер жылы қаңтар айында болатын сайлау мүмкіндігінше билік тарапынан әділетті өткізуге тырысу керек.

Мәжіліс пен мәслихаттың сайлауы келер жылдың 10 қаңтарына бекітіліп отыр. Оған дейін партиялар халық алдына шығып, абырой жинайды. Біраз шаруаны шешеміз деп уәде береді. Халық бәлкім оларға осы жолы да сенер. Науқан өткеннен кейін көппартиялы органның қандай болатынын көреміз. Укранинаның радасындай қып-қызыл төбелес ұйымдастырмаса да, қызу дебаттар болатын шығар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: