Ректорлар бұдан былай халық алдында есеп береді
Енді ректорлар халық алдында есеп береді. Дәлірек айтсақ, университет басшылылары ғылыми-зерттеу, қаржылық-шаруашылық қызмет пен оқыту жұмыстары жөнінде жыл сайын баяндама жасайды. Бұл білім ордасының қандай деңгейде екенін анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы онлайн брифинг барысында білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Сондай-ақ, сапасыз кадрларды даярлайтын университеттерді анықтау жұмыстары да жалғасып жатыр екен. Биыл елімізде 5 жоғары оқу орны жабылып, екеуінің бас лицензиясы тартып алынған. Соңғыларына қатысты сот процессі басталыпты. Бұл ретте, жауапты ведомство жабылған университеттің студенттерін алаңдамауға шақырды. Бәріне тиісті жағдай жасалады деп сендірді, дейді Еуразия бірінші арнасы.
Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:
Әрине барлық жабылған университеттің студенттері міндетті түрде басқа ЖОО ауысады. Арнайы комиссия құрылады. Комиссияның шешімі мен әр студенттің өз таңдауы бойынша беліглі бір ЖОО ауысу мүмкіндігі берілетін болады. Біз міндетті түрде жабылған университеттің оқу ақысына тең соған шамалас деңгейде ұстауға тырысамыз.
Оқу ақысы дегеннен шығады. Ақылы бөлімдегі студенттердің дені ойраны шыққан онлайн оқуға шағымын айтып, бағасына қатысты базынасын жеткізген еді. Министрлік тарапынан оқу ақысын арзандатып, мүмкіндігінше жеңілдік жасап беруін сұраған. Бұған қатысты ведомство өкілдері мынадай жауап қатты.
Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:
Педогогикалық жүктеме өзгерген жоқ. Оқутышылардың саны өзгерген жоқ. Олардың барлығы жалақы алып жатыр. Коммуналдық мысалы ақыға төлейтін жоғары оқу орны әрине бәрібір олардың сол коммуналдық шығындары бар. Интернет каналдарын ұлғайту жұмыстарын жүргізген жазда. Әлемдік опытты қарасақ, біраз ЖОО оқу ақысын көбейтті. Біздің айтып тұрғанымыз ең бастысы оқу бағасын көбейтпеу.