Ұлттық банк вакцина туралы жаңалықтардың теңгеге қалай әсер еткенін айтып берді
Өткен аптада коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан сәтті өткені белгілі болды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова бұл жаңалықтың теңгеге қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, COVID-19-ға қарсы Pfizer және BioNTech вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі туралы 9 қарашада шыққан жаңалық өткен аптада әлемдік қаржы нарықтарының қозғаушы күші болды. Вакцинаның тиімділігі туралы жақсы жаңалықтар аясында тауар нарықтарында оң серпін және инвесторлардың тәуекелге әуестігінің артуы байқалды.
- Қор индекстері мен мұнай бағасы өткен аптаны сенімді өсуден бастады. Сәрсенбіде қыркүйектен бері алғаш рет эталондық Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір баррель үшін $45 белгісінен жоғары көтерілді, бұл өз кезегінде дамушы елдердің валюталарына оң әсер етті. Біздің ұлттық валютамыз да бір доллар үшін 427,26 теңге деңгейіне дейін немесе аптаның басына қатысты 1,2%-ға нығайып, оң үрдісті ұстанды. Алайда, жалғасып отырған эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында, бейсенбіде, Халықаралық энергетикалық агенттік 2020 жылы мұнайға әлемдік сұраныс бойынша болжамды төмендетті, ал АҚШ-тың Энергетика министрлігі тәулігіне 488,7 миллион баррельге дейін 0,9%-ға мұнай қорының бір аптадағы өсімі туралы деректерді жария етті, - деді ол.
Жаппай вакцинацияның мерзімі бойынша белгісіздікпен және мұнайға деген сұраныстың пандемия алдындағы деңгейлерге дейін қалпына келу перспективаларымен қоса жарияланған статистика әлем нарықтарындағы баға жарысын тоқтата тұрды және апта соңында мұнай бағасын түзете отырып төмендетуге себеп болды.
Теңге бағамы соған қарамастан, бір аптада 0,4%-ға нығайып, 430,52 деңгейіне қайта оралды.
- Мысалы, Ливия сияқты жекелеген елдердің өндіруді ұлғайтуға бағыттап, жалғасып келе жатқан орнықсыз сентиментке қарамастан, ОПЕК+ ұйымы өндіруді төмендету бойынша бұрын келісілген талаптарды ұстану және мұнай нарығын кері теңгерімдеу бойынша ағымдағы ауыр жағдайды сезіну ниеті туралы белгі берді, деп атап өтті Молдабекова.
Сондай-ақ ол бүгінгі теңгенің нығаюына ықпал етуші факторды да атады.
– Шынында да, апта Moderna компаниясынан вакцина туралы жағымды жаңалықтардан басталды. Компанияның мәлімдеуінше, зерттеу нәтижелерін бастапқы талдау кезінде COVID-19-дан қорғауға арналған эксперименттік вакцинаның тиімділігі 94,5%-ті құрады. Коронавируспен күресудің әзірленіп жатқан құралдарының тиімділігі туралы жаңалықтар тәуекелді активтер мен мұнай бағасының өсуіне ықпал етті. Brent мұнайының бағасын белгілеу бір баррель үшін 44,67 долларға дейін өсті, - дейді ол.
Дамушы елдердің валюталары тәуекел активтерімен қатар жалпы үрдісті қолдады. Ресей рублі Оңтүстік Африка рандымен бірге тиісінше 1,3%-ке және 1,1%-ке нығайып, өсу көшбасшылары болды, ал Бразилия реалы, Мексика песосы және Түрік лирасы 0,4-тен 0,7%-ке дейін нығайды.
- Біздің валюта үшін бұл сөзсіз жағымды белгі: апта басынан бері теңге шамамен 0,45%-ға нығайды. Қысқа мерзімді перспективада біз сыртқы нарықтардағы жағымды жаңалықтардың жиынтығы салық аптасымен бірге теңгенің нығаюына негіз жасайды деп есептейміз. Бірақ басқа да сыртқы және ішкі факторларды ескеру қажет. Сыртқы факторлар, бұл, ең алдымен, вакцинаны жаппай қолдану мерзімдері бойынша белгісіздік және ОПЕК+ елдерінің алдағы кездесуінің нәтижелері. Ішкі факторлар – төлем балансы тарапынан теңгеге жасалып жатқан қысым, ол ағымдағы жылғы наурыздан бастап байқалып отырған мұнай бағасының төмен кезеңімен байланысты, - деді Молдабекова.