Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың ауруы – құмар ойын: басында ұтасың, сосын тақырға отырасың

prostoprosport.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 02:58 prostoprosport.ru
2018 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ойынқұмарлықты ауру ретінде тіркеді.

20 миллиардқа жуық теңге. Соңғы дерек бойынша жыл басынан бері азаматтарымыз казино, букмекер, кено деп басталатын түрлі бәс тігулерге осынша сома салып жіберген. Ел ішінде құмар ойынның жетегеніне ергендердің саны артып келеді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Нұрдәулет 4 жылдай букмекер жағалаған кәсіби ойыншы болған. Басында ұтқанымен, кейін миллиондап қарызға батып, басы бәлеге қалыпты. Кеш те болса ес жиып, оңалту орталығына барып, ем-дом қабылдапты.

Нұрдәулет, ойынқұмар болған қазақ:

Уақыт өте келе бәріміз жиналып жүріп бір шешімге келдік емделу керек деген. Бірінші проблема семьяммен, екінші проблема социуммен. Үшінші проблема денсаулығым. Өзімнің барлық өмірлік ұстанымдарымның барлығын қиып жібердім. Бірінші күні ұтып кетуім мүмкін, бірақ екінші күні тағы ұтамын деп сол ақшаны салып жібересің. Ол 100 процент нәрсе. Ұтқан адам жоқ. Өйткені мен мысалы, кәсіпкер болсам, өз қамымды ойлаймын. Олар да өз қамдарын ойлап, ұтуға болмайтын жолын жасайды.

Нұрдәулет қателігін түсініп, ойынды қойған. Бірақ, елімізде құмар ойыннан ақша табамын деп жүргендердің саны жетіп-артылады.

Ranking.kz порталының дерегінше құмар ойын ұсынатын ұйымдардың соңғы 9 айдағы табысы 19,2 миллиард теңгеге жеткен. 2019 жылмен салыстырғанда 9,7 миллиард теңгеге көп. Бір қызығы мұндай орталықтардың саны азайған. 2014 жылы бұл сектордағы мекемелер саны 145 болса, қазір 94-ке азайған.

Саны азайса, неге арбалғандардың қарасы көбейіп, азарт ұсынатындардың қалтасы қампиып келеді? Алысқа бармай-ақ, айналамыздағы дүкен мен сауда орындарын аралап көрдік. Букмекерлер ақша толтыр деп азғырып, сары автоматтар пайдаға кенел деп жазғырып тұр. Бәр ашық, еш кедергі жоқ. Ойынқұмарлықтан арылуға көмектесіп жүрген Нұрсұлтан Баязитов тәуелділердің қатарын кімдер толықтыратынын айтып берді.

Нұрсұлтан Баязитов, ойынқұмарлықтан арылу бойынша кеңесші:

Ең бірінші ол генетикалық деңгейде. Содан кейін қандай адамдармен қарым қатынаста болады, қандай адамдармен жүреді. Және қазір бізде өте көп реклама пайда болды деп айтуға болады. Әр адамда психологиялық проблемалар болады. Не отбасында жағдайлар. Осылар соған апарады.

2018 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ойынқұмарлықты ауру ретінде тіркеді, әрі мойындады.

Карантиннің босаңситын түрі жоқ. Кинотеатр сияқты көптеген көңіл көтеретін орындар жабық. Осы бір ұрымтал сәтті құмар ойын ұсынатындар пайдаланып келеді. Интернетті ашып қалсаң, қаптаған жарнамадан көз сүрінеді. Тегін ұтыс пен бонустардан көп нәрсе жоқ. Бұл арбауға кім сенеді деп ойларсыз?! Статистиканы тағы бір еске салайық. Биыл тұрғындарымыз 20 миллиард теңгесін бәс тігуге салып жіберген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: