Жаңалықтар тізбегі
0

Жерді сатқан жоқпыз деп, ҚазҰУ басшылығы ақталып жатыр 

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2021 03:27 YouTube
2017-ші жылы Білім және ғылым министрлігінде қызметте болған біреулердің былығы ашылуы мүмкін.

Кейінгі уақытта ("соңғы кездері" дегені болар - ред.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қатысты жеке тұлғалар тарапынан мақсатты түрде ақпараттық шабуыл жасалуда, деп ақталуға кірісті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы, деп хабарлайды zakon.kz.

YouTube-те белгісіз біреу ҚазҰУ басшылығы университеттің жер учаскелерін жеке тұлғаға сатыпты-мыс деген видео хабарлама жариялаған. Сосын бұл материалды М.Козачков деген журналист Telegram каналында тарата бастады. Осы тақырыпта блогер Б.Ж.Базарбек Facebook әлеуметтік желісінде пост жариялады. Осылайша, университет пен оның басшылығының беделін түсіруге бағытталған жағымсыз пікірлермен жағдайды мақсатты түрде ушықтыру белең алуда, делінеді жағымсыз пікірге берілген жауапта.

Университеттің жер мәселесіне қатысты берген түсініктемесі мынадай:

Біріншіден: университет пен ҚазҰУ-дың лауазымды тұлғалары жер учаскесінің бір бөлігін үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығару жөнінде келісім берген жоқ және де жер учаскесін басқа тәсілмен бөлуге қатысқан жоқ. Барлық мүлік пен жер мемлекеттік актив болып табылады, сәйкесінше ЖОО-да оларды иелену, пайдалану және билік ету құқығы жоқ.

Екіншіден: ҚР Жер Кодексінің 43, 44-1 және 48-баптары, сондай-ақ "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңының 4-бабының 1-тармағы мемлекеттік мүлікті, оның ішінде жер учаскелерін басқару, беру/сату саласындағы мемлекеттің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Жоғарыда аталған заңдардың баптарында шешімдер қабылдау тәртібі заңнамалық түрде айқындалған, сондай-ақ мемлекетке тиесілі мүлік пен жерге қатысты кез келген жеке-дара шешім қабылдау тәртібі алынып тасталған. Демек, университет басшылығы өз қалауы бойынша мемлекеттік мүлік пен жерді беруді жеке-дара жүзеге асыра алмайды.

Үшіншіден: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы 2017 жылы жер учаскелерін иеліктен шығару жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзірлемеген, бекітпеген және оған ешбір түрде қатыспағаны туралы хабарлаймыз.

Осылайша, әлеуметтік желілердегі ҚазҰУ басшылығының жер учаскелерін беруге қатысы бар деген жарияланымдар шындыққа сәйкес келмейді және оның беделін түсіруге бағытталған. Жоғарыда айтылғандарға байланысты қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына шаралар қабылдау туралы өтініш жолданды, делінген хабарламада.

Айта кетсек, әлгі блогер Бақытжан Базарбек жерге қатысты қызық құжаттарды тауып алған. Оның жазуынша, Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің 2012 жылдың 30-шы қаңтарындағы қаулысында ҚазҰУ жерінің учаскесі – 73,2662 гектар деп көрсетілген.

Одан кейінгі әкім Бауыржан Байбектің 2017-ші жылдың 02 қазанындағы қаулысында әлгі учаскенің аумағы 72,4872 гектар болып кеткен, оның ішінде ҚазҰУ-дің үлесіндегісі 71,4220 гектар жер деп тұр.

Университетке тиесілі жердің аумағы қалайша өзгеріп кеткен? Сонда жаңағы 0,8 гектарға жуық жер қайда кетті, деген сауал тастайды заңгер.

Блогердің ойынша, бұл дегеніңіз – жер телімінің құжаттарында өзгерістер болғанын білдіреді. Ал ондай өзгеріс жер құрылымын өзгерту туралы жобаны әзірлеу мен жердің мемлекеттік актісін жаңартуды талап етеді. Сонымен, 2017-ші жылы жер құрылымын өзгерту туралы жоба әзірленіп, оны ҚазҰУ мен Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы бекіткеніне еш күмән қалмайды.

Бұл арада туындайтын сұрақ – жер комиссиясына ҚазҰУ тарапынан бұл құжаттарды өткізген кім? Қазақ ұлттық университеті өз меншігіндегі жерді өз бетінше ойына келген біреулерге бере алмайды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан келісім керек мұндайда. Білім министрлігіндегі рұқсат берген кім екен?

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек базасын ашсақ, бұрын ҚазҰУ-ға тиесілі болған жер телімінің аумағында қазір 3 түрлі жер телімі көрсетілген: бірі шаштаразға, екіншісі дүкенге және үшіншісі халыққа қызмет көрсету мақсатындағы жер телімі болып тұр. Олар қалайша университет жерінде пайда болған?

Білім және ғылым министрлігі ҚазҰУ қалашығының жерін дүкен мен шаштаразға қалайша бере салады екен? Бұған 2017-ші жылы Білім және ғылым министрлігінде қызметте болған біреулердің қатысы болуы мүмкін, деген екен заңгер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: