Соңғы 3 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсу серпіні төмендеді
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы үш аптада әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына (ӘМАТ) баға өсуінің айтарлықтай төмендеуі байқалды (ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап 6 сәуірге дейін-тиісінше 0,1%, 0,0%, 0,2% мөлшерінде). Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында бағаның өсу қарқыны апта сайын + 0,4% құрады.
Апталық динамика (30 наурыз - 6 сәуір) күріш, қырыққабат, сүт, кейбір аймақтарда - тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы, ұн, нан және қарақұмық жармасы бағасының төмендеуін көрсетеді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) бизнес өкілдерімен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шаралар әзірлеу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы шеңберінде, 12 наурызда БҚДА басшылығының Агроөнеркәсіптік кешен қауымдастықтары альянсының өкілдерімен онлайн кездесуінде Альянс тарапынан біздің отандастарымыз үшін азық-түлік тауарларының қолжетімсіздігінің алғашқы себептерімен күресуге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды. Бұл мәлімдемені бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу бөлігінде БҚДА қолдады.
Альянсқа бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсету, халықты және Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қабылдап жатқан шараларын қолдау туралы ұсынысы қарсы мәлімдеме болды. Қазіргі кезде БҚДА мен «Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ жұмыртқа өндірушілердің сауда-өткізу саясатын белгілеуге бағытталған монополияға қарсы комплаенске қол қою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бастап монополияға қарсы орган бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша 48 хабарлама (19 – тауық жұмыртқасы бойынша, 11– күнбағыс майы бойынша, 9 – қант бойынша, 4 – қарақұмық жармасы бойынша, 2 – сүт өнімдері бойынша, 2 – тауық еті бойынша, 1-рожки бойынша) шығарды.
Оның ішінде 2021 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау туралы 29 хабарлама орындалды (15 тауық жұмыртқасы бойынша - Шымкент қаласында, Қостанай облысында, Атырау облысында, Жамбыл облысында, СҚО, Ақмола облысында, Павлодар облысында, Ақтөбе облысында, 5 қант бойынша – Жамбыл және Қарағанды облысында БҚО, 4 күнбағыс майы бойынша – Шымкент қаласында, Қарағанды облысында, СҚО, ШҚО, 2 қарақұмық жармасы бойынша – Қарағанды облысында, 2 сүт өнімі бойынша – Шымкент қаласында, 1 тауық еті бойынша – Шымкент).
Бұдан басқа, әкімдіктер ағымдағы жылғы сәуірде республиканың жекелеген өңірлерінде күнбағыс майына, жеміс-көкөніс өнімдеріне және тауық жұмыртқасына шекті бағаларды енгізетін болады, бұл да азық-түлік тауарларының бағасына оң әсерін тигізеді.