Жаңалықтар тізбегі
0

Жабайы туризмнің алдын алу керек

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2021 21:37 видеодан кадр
Соңғы екі айда Бозжыраға 2 мыңға жуық туристтің аяғы тиген.

Ел аузында Бозжыраны Маңғыстаудың туристік Меккесі деп атайды. Оның кереметі кез-келген адамды таңқалдырмай қоймайды. Алайда, мұнда жабайы туризмнің белең алуына қорық инспекторларымен экологтар алаңдаулы. Өйткені экологияға айтарлықтай залалы тиіп отыр дейді. Бұл туризм саласына да кері әсер етуде. Қазір Бозжыраны қызықтап келушілердің қатары көп. Бірақ, көп демалушы ережеге құлақ аспайды. Аумақ маңына от жағады, тамақ пісіреді, қала берді ішіп жеген қоқыстарды айналаға лақтырып тастайды екен. Дәл осы көрініс жалғаса беретін болса, онда ішкі туризмнің қарқынды дами түсетініне күмәнмен қарайды.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Соңғы екі айда Бозжыраға 2 мыңға жуық туристтің аяғы тиген. Алайда, табиғат аясына демалуға келгендер айналаны ластап, қоқысқа толтырып кетіп жатады. Олар бөтелке, пластикалық құтылар мен тамақ қалдықтарын шашып, тіпті кейде жаққан оттарын да өшірмейді. Ластанған жерді қорықшылар тазалап әлек.

Наурыз Әнесов, "Қызылсай" табиғи паркінің аға инспекторы:

Күніне кешке біздің инспекторлар келіп-кетушілердің артын мусорларын тазалап отырамыз. Демалыс күндері мейрам күндері келетін адамдардың саны өте көп. Склейка Туристердің келіп кетуін қадағалап отырамыз. Барынша ескертіп жатырмыз. Нұсқаулық береміз. Бұл жерде от жағуға болмайтындығын, мусор тастауға болмайтындығын. Бірақ туристердің барлығына біздер бірдей бақылау қоя алмай отырмыз.

Бұл аумақ Қарақия ауданына тиесілі болғандықтан қорықшылар осында әжетхана мен қоқыс жәшіктерін орнату жөнінде әкімдікке ұсыныс жіберіпті.

Ырзықбай Жанқанат: демалушы, Қарағанды облысының тұрғыны:

Бозжыраға келдім. Мына жерді көрдім. Отбасыммен. Бәрі тамаша. Бір ғана кемшіліктері - демалатын кезде, тамақ ішкенде қоқыс тастайтын жерлер болса тамаша болып кетуші еді.

Бозжыраға жол тартқан әр турист осынау киелі өлкенің құпияға толы тылсым тау-тасын көруге асығады. Сұлулығына тіпті сөз жоқ. Бұл табиғи ескерткіш Қазақстанның киелі жерлері картасына енген.

Мамандардың айтуынша, 35 миллион жыл бұрын бұл жер Тетис мухитының түбі болған екен. Ал қазір Қазақ елінің маңдайына біткен Бозжыра шатқалы деп аталады. Бұл аумақта қызыл кітапқа енген түрлі аң құстармен жануарлар көптеп мекендейді.

Бозжыраға жету қиын. Асфальт жоқ. Даланың төсін шаңдатып жеткен көліктер оларды үркітіп ала ма екен деп алаңдайды. Сондықтан жабайы туризмді қойып, өркениетті елдердегідей мәдени туризмді қолға алу керек дейді мамандар.

Орынбасар Тоқжанов, эколог:

Ол үшін бір жерден туристерді қабылдайтын орталық керек. Осы маңнан, дәл түбінен емес қашықтан. Ал туристерді қабылдау үшін жоғарыдан жол салу керек. Осы панорамаға дейін 10 км салу керек. Сосын Бекет ата жақтан бұрылған жерден 18 км төмен қарай түсетін жолды асфальттау керек.

Бозжыраның кереметін, ғаламтор арқылы көріп білген қазақстандық және шетелдік туристер аңыз орынды көруге асығады. "Сондықтан, мәдениетті туризмді қалыптастырып, бұл аумақтан алшақ жерге туристерге арналған орталық салу қажет" дейді эколог Орынбасар Тоқжанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: