Жаңалықтар тізбегі
0

Егінге су жетпеді – Түркістан облысында диқандар шу шығарды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 21:24 видеодан кадр
Суармалы егістік жерлер қаңсып тұр.

Түркістан облысында сусыз қалған диқандар шу шығарды. Олар еккен егіндері мен бау-бақшасына тіршілік нәрін жеткізе алмай, шаш етектен шығынға батқандарын айтады. Жылда қайталанатын мәселені жауапты шенеуніктерге айтқанымен шешімі әлі күнге дейін табылмаған. Яғни, бір-біріне сілтеп шаруаларды сергелдеңге салыпты, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Марттан бері айдап ектік, апрельде жаңбыр болған жоқ көріп жатсыздар құрғақшылық. Егінім де өліп жатыр, мынау да өліп жатыр. Ана жақа барасың анау анаған жібереді, анау анаған жібереді.

Қанат Көбеев 16 жылдан бері жер еміп, нәпақасын егіннен тауып келеді. Бірақ соңғы 4 жылдың көлемінде Сарыағаштық шаруадан маза қашқан. Бау-бақша мен егістікке су келмей, еккен дақылдары шыққпай жатып қурап кеткен. Қазір кеуіп кеткен жерге кетпен салсаң басы сынады, дейді миллиондап шығанға батқан шаруа.

Қанат Көбеев, шаруа:

Былтыр где-то 18 млн теңгедей бауға шығын қылғанбыз. Дәрі бердік, адам істеттік, ішіне дәрі шаштық. Жұмысшыларымыз бар. Ешқандай урожайды алған жоқпыз, ештеңе істемедік. Биылдың өзінде дәл қазіргі таңға дейін мынаған 10 млн теңге расход қылдық. Тағы да шығын болады.

Қазіргі уақытта Сарыағашта судан тарығып отырған 300-ге жуық шаруа қожалығы бар. Барлығының базынасы бір.

Сейілхан Сәбденов, шаруа:

Су жетіп жатқан жоқ. Жеткен судың өзін жоғарыдағылар бермейді дейді. Екі ұжым болып бөліп алған, әкесінің дүниесіндей. Ол әкесінен қалған дүние емес. Ол-халықтың суы. Ол халықтың жері.

Шаруалар еткен еңбектері үшін шырылдап жүргенде, суға жауаптылар өзара соттасып қырық пышақ болып жатыр екен. Көршілес Өзбекстаннан су жеткізіп беретін "Қазсушар" мемлекеттік мекемесі тіршілік нәрін елге кіргізгеннен кейін бірден жекенің қолына өткізіп жібереді. Ал, ол қалаған уақытында суды өшіріп, тіпті тіршілік нәрінің бағасын шарықтатып жіберетін көрінеді.

Нұрғали Арзықұлов, Сарыағаш аудандық су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бас инженері:

Қазсушар мемлекеттік мекемесі Сарыағаш су шаруашылық мекемесімен тікелей келісім-шартқа отырудан бас тартып отыр. Оның бір себебі ортада Сүлейменов Қайрат деген бір азаматтың жеке меншік кооперативі бар. Бүгінгі таңда "Қазсушар" мекемесі жеке меншік фирмаға бізді тәуелді қылып отыр. Жаңағы жеке меншік мекеме өзінің тарифін ұсынып отыр. Біз ауыл шаруашылығы адамдарына 282 теңгеден біз кубына су жеткізіп береміз, олардың тарифі 290 теңге. Екеуін қосқанда 570 қанша теңгеге айналып отыр.

Сондай-ақ, су гидранттарының да тозығы жетіп, тоз-тозы шығыпты. 25 жылда жаңартылатын жүйе 38 жылдан бері ауыстырылмаған. Оған 2,5 млрд теңге қажет. Бұл жұмысқа жауапты "Қазсушар" мемлекеттік мекемесінің өкілдері қаржының жоқтығы қол байлау болып тұр дейді. Соған қарамастан Өзбекстан Республикасынан қажетті суды жеткізіп береміз деп сендіріп бақты. Алайда, арадағы делдалдың кім екенін айтпады.

Асқар Қыстаубаев, "Қазсушар" мемлекеттік мекемесінің Түркістан облысы бойынша филиал директоры орынбасарының міндетін атқарушы:

Бізден шығатын судың мөлшерін транзиттік есебінде бірлесіп екеулеріңіздің арасында келісімшарт тұратын болса, қарсылық болмаған жағдайда сол құбыр арқылы Сарыағаш су шаруашылығына беруге дайынбыз. Яғни екеуі өз мәселесін шешіп алса. Екеуінің арасындағы жағдай. Меншік иесі ИП "Сүлеймен" құбырдың, ішкі тармақтары "Сарыағаш су" шаруашылығы алаңы.

Әзірге жауаптылар бір біріне сілтеп жүргенде, шаруалар жыл сайын шығынға белшесінен батуда. Ал суармалы егістік жерлер қаңсып тұр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: