Жаңалықтар тізбегі
0

Арал ауданында да қуаңшылықтан мал қырылып жатыр

azattyq.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2021 19:26 azattyq.org
Бәрін де мазалайтын осы сұрақ.

Қызылорда облысының Арал ауданында қуаңшылықтан төрт түлік мал қырылып жатыр. Қабырғасы қаусаған малды әлеуметтік желіден көріп, жаға ұстады талайы. Ал жергілікті тұрғындар мұны Сырдариядағы сумен байланыстырады, деп жазады "Жас Алаш".

Жыл сайын Қамбаш көліне барып демалатындар үшін өткен жыл көңілсіз, тұрғындар үшін ауыр өтті. Су тартылды. Су болмаған соң, шөп шықпады. Ал шөліркеген мал батпаққа батып өліп жатыр. Қайтқан судан балығың да аман қалып жатқан жоқ. Арал ауданындағы Лай көл, Саркөл, Қамбаш ірі су айдындары тартылған соң, айналасы батпаққа айналған. Мал өлексесінің көбейгені де сол ­­– су ішемін деп, ұйыққа батқанының салдарынан. Қуаңшылықтың кесірінен көтерем малға жемшөп тасуды мемлекет мойнына алған болатын. Тонналап мал азығы жеткізілді. Ал сол аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев өзге аймақ аудандарымен келісімдер жасалып жатқанын мәлімдеген болатын.

– Табиғи жағдайлардың салдарынан ауданда қуаңшылық орын алды. Ауыл тұрғындары, еріктілер және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қосымша падамен қамтамасыз етілуде. Қазір мал өлімі жоқ, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, малдан бөлек, дария мен суаттардан сынама алыныпты. Сараптама нәтижесіне сәйкес, төрт түліктің өлу фактісі анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. Ауылдық округ әкімдері ерікті жастардан арнайы топ құрып, малдардың батпаққа батып қалмауын қадағалауда. Ал өңірде мал азығы шығынын субсидиялау іске қосылыпты. Өткен жылы оған аймақ бюджетінен 730 млн теңге бөлініп, 588 шаруашылық сол қаржыны иеленген. Оның үлесі 42 аралдық шаруаға тиесілі. Жергілікті әкімдік жағдайдың қалыпқа келгенін мәлімдесе де, шаруалардың жайы анау айтқандай мәз емес. Қуаңшылықтан малы жұтай бастаған жұрт төрт түлігін сатуға мәжбүр. Солай олар арзанға өткізіп, алыпсатарларға жем болуда.

Алдымен мал кең даладан бір түйір қылтанақ таппай қиналса, ендігі бір жұтым қара суға тарыға бастапты. Тұрғындардың айтуынша, мал, оның ішінде жылқы да, қой да, түйе де жаппай қырылып жатыр. "Еш көмек болмады" дейді олар. Сексеуілден тысқары шығып, малын далаға жайғысы келген олар жақын маңдағы Шағатай елді мекеніне қоныс аударған. Зардапты көріп отырған да осындай шаруалар. Осы мекеннің тұрғыны Қанибек Оспановтың сөзінше, өзі тұратын жақтағы өлімнің тоқтауы жайында естімепті. Шөп жоқ екен. Шөп ана жолы Қазалы ауданынан шамалы уақыт келген. Бір маясы 1200 теңгеден. Оны былтыр 600-ден сатып алған екен. Кейбірі мал басын азайтып, арзанға сатқан. 600 мыңға жуық бағаланатын құлынды биелердің бағасы мұнда 250 мыңға бір-ақ түскен. Одан қалған ірі қаралар қолдан суарылып бағылуда. Мұндағы жұрт мал суаруға екі күн сайын бір цистерна су сатып алады екен. Бағасы ­– 10 мың теңге. Ал табиғи құдық суының өнімі азайған. Бұл суды ауыл жұрты ішетін ауызсу ретінде пайдаланады.

Төтенше жағдай жариялануы қарастырылып жатқан Аралда Сексеуілді қоса есептегенде, 13 елді мекен бар. Оның барлығы "қызыл" аймақта тұр. Әкімдіктің есебі бойынша мұнда 9000 тоннадан астам шөп керек. Біртіндеп жеткізіліп жатқан көрінеді. Жергілікті басшылық соған қарамастан, аудандағы жағдай өз қалпына келгенін алға тартады. Айта кеткен жөн, қуаңшылық зардабы қатты тиген шаруалар алдағы уақытта көрші аудандармен жасалған кесілім негізінде шөп алады. Оны шаруалар өз қаражатына сатып алуы қажет. Әкімдік тек тасымалдау кезіндегі жанармай шығынын көтеруге көмектесетінін жеткізді.

Жақын аралықта Аралға қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің мәліметімен өлген малдың есебі шығарылған. 321 бас жылқы, 159 мүйізді ірі қара, бір түйе. Ал мал өлімінің бұдан да көп болуы мүмкін деген күдікті ауыл тұрғындарының өзі де растайды. Ауданда төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өткен болатын. Мал азығын дайындау жөнінде мәселе әлі де күн тәртібінде тұр. Айтпақшы, былтыр осы ауданда жайылымдық жерлерді суландыру үшін бұрынғы су көздеріне түгендеу жұмыстары жүргізілген еді. Нағыз суды қажет ететін ауылдардағы 49 су ұңғымаларының координаттары алыныпты. Екі қолға бір күрек таппағандарға кәсіп ашып, мал шаруашылығын өркендет дейміз. Алайда елдегі қуаңшылық жігеріңді жаншып тұр. Өйткені кешегі күнге дейін мемлекеттен несие алып, мал алып, тірлігін енді ғана бастаған кейбірі санын соғып әлек. Әрине, кәсіп жолында қиындықтар кезігеді дейміз. Бірақ дәл қазіргі сәтте елдің тілегі біреу ғана: ол – әлі де арзан мал азығын көбейту. Бәрін де мазалайтын осы сұрақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: