Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк теңгенің маусым айында неге "әлдене алмағанын" түсіндірді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2021 20:32 zakon.kz
Әлия Молдабекова шетел валютасына сұраныстың артуы шетелдік инвесторларға дивидендтер төлеу сияқты маусымдық факторларға да байланысты екенін де жеткізді.

ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова 2021 жылдың маусым айындағы валюта нарығындағы жағдай – әлемнің қаржы нарықтарындағы күрделі динамика мен теңгенің неліктен "әлдене алмауына" қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шынымен мұнай бағасы бір айда 8,4%-ға өскен кезде маусымда теңге бағамы 30 шілдеде жабылу бойынша бір АҚШ доллары үшін 424,95 теңгеге дейін 0,9%-ға орташа нығайды. Мұнай ұлттық валютаның бағамына әсер ететін негізгі фактор болуын жалғастыруда. Мұнайдың оң серпінінен теңгенің жеткіліксіз әсер етуі теңге бағамы сыртқы және ішкі факторларды қоса алғанда, теріс факторлар жиынтығының ықпалында болуымен түсіндіріледі, - деді Әлия Молдабекова.

Ол бір ай ішінде дамушы нарықтар валюталарының жалпы теріс серпінін және әлемдік валюта нарығында АҚШ доллары бағамының өзгерісін атап өткенін еске салды.

Ал маусымда теңгеге қысым көрсеткен ішкі факторлар туралы айтсақ, онда бірінші кезекте іскерлік белсенділік қалпына келуі және кейінге қалдырылған сұраныс іске асырылуы аясында тауарлар импортының өсуін атап өткен жөн. Біз 2021 жылғы қаңтар-сәуірде өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда импорт тұтынушылық азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндіріс құралдары импорты өсуі есебінен $11,4 млрдқа дейін 11,5%-ға өскенін атадық, - дейді ол.

Оның айтуынша, шетел валютасына сұраныстың өсуі сауда-саттық көлемі ұлғаюынан байқалады.

Теңге-доллар жұбымен сауда-саттықтың биржалық көлемі маусымда 3,16 млрд АҚШ долларына дейін өсті, ал 2021 жылғы алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша сауда-саттықтың орташа көлемі айына 2,45 млрд АҚШ долларын құрайды, - дейді Молдабекова.

Ол шетел валютасына сұраныстың артуы шетелдік инвесторларға дивидендтер төлеу сияқты маусымдық факторларға да байланысты екенін де жеткізді.

Өткен жылы дағдарыс аясында дивидендтер төлеу өте шектелді, осы жылы бұл фактор мамыр және масымда валюта нарығындағы сұраныс жағынан маңызды болып табылады. Аталған факторлардың барлығы ұлттық валютаның одан әрі нығаюын шектеді. Шетел валютасына сұраныстың артуына қарамастан, нарықта елеулі теңгерімсіздіктер болған жоқ, Ұлттық Банк интервенция жүргізген жоқ. Бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін Ұлттық қор қаражатын конвертациялау көлемі 1093 млн АҚШ долларын, ал квазимемлекеттік сектор тарапынан валютаны сату – 260 млн АҚШ долларын құрады, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: