Жаңалықтар тізбегі
0

Зайырлы мемлекет идеясы: Қазақстандағы болмысқа көзқарастар

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2021 17:50 Павел Михеев / zakon.kz
Діндарлығы жыл сайын артып келе жатқан азаматтарды бұл зайырлылық еш үркітпеуі керек.

Кез келген мемлекет үшін қоғамның тыныштығы мен халқының татулығы маңызды екені баршаға мәлім. Соның ішінде, мемлекет пен дін арасындағы мәселелер ел азаматтарының назарынан тыс қалмады. Себебі көпшіліктің күнделікті өмірінді орын ала бастаған діни қағидаттар мен ұстанымдар адамзат санасының өзгеруіне әкеліп соғады. Алайда әрбір азаматтың қандай дінді ұстанса да өз еркінде екенін, біз, конституциялық құқығымыздан білеміз. ХІХ ғасыр соңынан басталған мемлекеттердің саяси процестерін діннің әртүрлі эманципация түрлерінен босатылу әрекеттері етек алды. Дегенмен, дінді мемлекеттен бөлгеннің өзінде, оның қоғамдық санаға тигізетін тікелей әсерін жоққа шығару мүмкін емес. Сондықтанда, бұл бағытты әрбір мемлекеттің кешенді қалыптастырған саясаты болуы қажет. Осы орайда, Қазақстан зайырлы дамуды негізгі бағыт ретінде алды.

Діндарлығы жыл сайын артып келе жатқан азаматтарды бұл зайырлылық еш үркітпеуі керек, себебі оның астында мемлекеттің дінді ұстануды шектеу болып табылмайды. Қайта осының астарынан шығатын түйіткүлді мәселелерді шешу, дін төңірегінде пайда болуы ықтимал қақтығыстарды болдырмау, жеткілікті деңгейде дұрыс білім арнасымен таныстыру болып табылады.

Рухани және саяси даму кезіндегі адам баласының өмір сүріп отырған ортасы – қоғамның мемлекеттік типі зайырлы болып қалыптасуы үшін мемлекеттік билікпен діннің, діни ұйымдардың арасындағы байланыстары барынша бір жүйеге келтірілген болуы қажет. Оның үстіне тұрақтылық пен ұлтаралық қарым-қатынастардың зайырлы мемлекетте қалыптастыру барысындағы дін ықпалының маңыздылығын жоққа шығару мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда, еліміздегі мәдени-рухани, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеуде, халыққа ұсынылып отырған руханилықпен қатысты бағдарламалардағы діннің мәні, сонымен қатар діни жағдайды реттеуде қажеттілігі өзінің қазіргі заманғы рухани әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі екендігін көрсетеді.

Әлемдегі жаһандық процестер аясында өмір сүрудің тиімді әрекеттерін қарастырған кезде мұсылман елдерінің бұдан зиян көрмейтіндігі сөзсіз, алайда ол үшін жаһанданудың басқа субъектілерімен ұқсас стратегия қалыптастыру қажет. Осындай әдіс аясында Батыстың мұсылман әлемінің рухани ұлттық құндылықтары мен әлеуметтік бірліктерінің бұзылуынан мазасыздануы айқын жағдай, себебі ешбір ұлт осы процесс салдарынан болатын қауіп пен мүмкіндіктерден сақтандырылмаған. Сондықтанда зайырлылықты ұстанатын ел үшін, оның азаматтарының ешбір құқықтары шектелмей, еркін өмір сүруі мен ар-ождан еркіндігін жүзеге асыру өте маңызды мәселе. Қоғам әртүрлі көзқарастармен ерешеленетін адамдар тобының біртұтас бірлестігі болатын болса, сол тұтастықтың қауіпсіздігі мен бүтіндігін сақтайтын ол әрине, мемлекеттік идеология.

Мемлекеттің күш-қуаты мен ғылым мен білімін қалыптастыруда сауатты өмір салтын жасау қажет. Әлеуметтік жағдайы жақсы, білім беру саласы жоғары болған елдің болашағы жарқын. Әлеуметтік бағдарламалар мен білім процестеріндегі діннің алатын өзіндік орны бар. Діни білім беру арқылы зайырлылық қағидасын ұстай, оның біздер үшін керекті жақтарын ашып, осы мәселеден туындайтын міндеттерді анықтау зайырлы қоғамның қазақстандық болмысын көрсету болмақ.

Ал біздің жағдайда, зайырлы мемлекет қағидасын ұстану жаңа тәуелсіз ел болған мемлекет үшін жан-жақты даму жолындағы стратегиялық мақсатты уақытқа сәйкес орындау болып табылады. Біздің еліміздің көпшілігін құрайтын мұсылмандар үшін зайырлы мемлекет қағидасы ғасырдан бергі келе жатқан ислам діні құндылығы мұрасы арасындағы байланысты үзіп, қоғамдық өмірдегі моральдық тәрбиесі мен білім берудегі орнын мойындамау болып көрінетін құрал ретінде көрінеді. Дегенмен, осы түсінікте шындықтың көрінісі болғаннын өзінде, мұсылман үшін басқа дін немесе батыстық секуляризмнің сипаттарын көрсетпейді. Біздің бұдан секуляризм ұғымын түсінуде батыс секуляризмінің тарихи жағдайы мен алғашқы мақсаттарын зайырлы догматизм әсерінің бар екендігін көреміз. Осының әсерінен, кейбір мұсылман елдері зайырлы мемлекет қағидасына ұқсас мемлекет концепциясын ұсынған болатын. Дегенмен, ол концепцияның мазмұны мен мақсат міндеттері батыстық секуляризммен арадағы өзара ұқсастықты көрсетті.

Біздің мемлекетіміздің Конституциясында көрсетілгендей, зайырлы мемлекет ретінде бізде белгілі бір дін үстемдікке ие емес. Заң алдында барылығы бірдей және "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" ҚР Заңына сәйкес діни бірлестіктер өз қызметін құжатта көрсетілген ережеге сәйкес әрекет етуде. Діни түсініктердің дұрыстығын қадағалау және түсіну үшін мемлекет тарапынан білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер болып, оның нәтижесінде дінтанушы мамандарды дайындау қолға алынып, оның алғашқы топ өкілдері де халықты діни білімін жетілдіру жұмыстарына араласып кетті.

Зайырлы мемлекет болу – діннен алшақтау емес, қайта қоғамның үйлесімді дамуына серпіліс беру болып табылады. Әрбір азамат өзінің құқықтары қорғалған, ұлтына, ұстанған дініне, нәсіліне қарасмастан – барлығы бір шаңырақтың астына екенін сездіру. Яғни, көпэтносты мемлекет үшін де ұлтаралық және дінаралық татулық қағидаттарын ұстанған осы даму бағытының жемісі жақын келешекте өз жемісін берер деген үмітпенен, алда әлі де зайырлылық идеясының қазақстандық үлігісі жандана, кеңейе түсетініне сенімдіміз.

Нуров Мархаббат, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Берікбаев Е., "Дінтану" мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: