Жаңалықтар тізбегі
0

Еуропада бағалар өсіп, инфляция күшіне мінді

scionnewsroom.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2021 05:02 scionnewsroom.com
Инфляция көрсеткіші шілдеде АҚШ -та 5,4% -ға жеткен соң, бұл мәселе бүкіл әлемнің назарын бұрып, алаңдатып қойды.

Еуропада тамыз айында инфляция күрт өсіп, жоспарлаған көрсеткіштен де шарықтап шыға келді, деп хабарлайды zakon.kz euronews-ке сілтеме жасап.

Экономистер бұл уақытша шарықтау екенін айтады. Әдетте, импортталушы шикізат тауарлар бағасы жоғарылаған сайын инфляция өседі. Осы орайда, инфляция қаншалықты тұрақты бола алады деген сұрақ туындайды. Бұл энергия тарифінің шамамен 15,4%-ға өсуіне ықпал етті. Жанармай мен азық -түлік бағасын қоспағанда, базалық инфляция көрсеткішінің өсімі 1,6% құрады.

Экономистер Еуропадағы бағалардың өсуіне әсер еткен басқа да себептерді атады. Кейбір қонақ үйлер мен туристік компаниялар пандемия шектеулері жұмсартылған соң тарифтерді көтерді, ал шекара, кедендегі жағдайға байланысты тасымал тізбегінің бұзылуы мен жанармай бағасының қымбаттауы экономикалық белсенділіктің жоғарылауы кезінде тауар өндірушілерді бағаны көтеруге мәжбүр етті

Дамыған елдерде инфляция ұзақ жылдар бойы төмен болып келді, оның себептері цифрландыру, халықтың қартаюы және еңбек нарығындағы жаһандық бәсекелестік болуы мүмкін.

Инфляция көрсеткіші шілдеде АҚШ -та 5,4% -ға жеткен соң, бұл мәселе бүкіл әлемнің назарын бұрып, алаңдатып қойды. Халықаралық валюта қоры көптеген елде инфляция пандемияға дейінгі деңгейге келесі жылы қайта оралады деп болжап отыр. Алайда, егер баға жоспарлағаннан да қатты өссе орталық банктерге шара қолдануға тура келетінін ескертеді.

Көптеген факторлар уақытша болғандықтан, экономистер Еуропалық орталық банктің ынталандыру бағдарламаларын қысқарту немесе пайыздық сыйақы мөлшерлемесін көтеру арқылы инфляцияға қарсы тұруға тырыспайды деп санайды.

Еуропалық орталық банк басқарма кеңесінің келесі отырысы қыркүйекте өтеді деп күтіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: