Оралда медицина қызметкері 15-тен астам жалған вакцинация паспортын жасады
Жасанды вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату үшін оларды жасағандарға да, тапсырыс берушілерге де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі вакцинация жалған паспорттарын жасау дерегі бойынша еліміздің 13 өңірінде 26 сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. 86 адамға қылмыстық жауапкершілік жүктелмек.
Қаржылық мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Орал қаласындағы емханалардың бірінің қызметкерімен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың кезекті дерегін анықтады.
Медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Вакцинация" электрондық модулінде вакцинацияны алғаны туралы белгілер журналына көрінеу жалған мәліметтер енгізген.
Осылайша, 15-тен астам адамға COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың жалған электрондық паспорттары берілді.
Тапсырыс берушілердің негізгі бөлігі – бұл мектепке дейінгі ұйымдардың және сауда саласының қызметкерлері.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.