Жаңалықтар тізбегі
0

Астық тапшы: биыл шаруалар шығынға батады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 18:30 видеодан кадр
Шаруалар тығырықтан шығудың жолы бағаны көтеру және экспорттауға тыйым салмау дейді.

Биыл шаруалар шаш етектен шығынға батуы мүмкін. Сарапшылар осы жылы астық 20 пайызға аз жиналады деген болжам жасауда. Бұл аз десеңіз, диқандардың 40 пайызы гектарынан 6 центнерден кем өнім алуы ықтимал. Құзырлы министрлік шаруаларға құрғақшылықтың құрбаны болмау үшін қандай кеңес берді? Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде егін жинау науқаны қыза түсті. Тамыздан бер 8,5 млн гектар жер орылып, 7 миллион тонна астық қамбаға бастырылды. Ал, Жамбыл, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны аяқталуға жақын. "Бәрі жақсы, бірақ ылғалдың жетіспеушілігінен жиналған астықтың көрсеткіші көңілді көншітпейді" дейді шаруалар.

Талғат Әубәкіров, шаруа:

Бүгінде болжанған 15 центнердің орнына 1 гектардан 5 центнер алып жатырмыз. Тыңайтқыштарды бәрін қолдандық, бірақ ылғал жетіспеді. Мол астық аламыз деп техниканың жартысын жаңарттық. Енді оның қаржысын қайтаруда қиналатынымыз анық.

Қуаңшылықтың кесірінен биыл жиналатын бидайдың көлемі аз болғаны былай тұрсын, оның сапасы да төмен дейді сарапшылар.

Виктор Асланов, Қазақстан егіншілер одағының төрағасы:

Ең төменгі табыс көрсеткіші деген ұғым бар. Биыл шаруаға егін науқанына жұмсаған барлық шығынын, несиесін жабу үшін 1 гектардан 6 центнер астық алу қажет. Бірақ, орта есеппен гектарынан 8,4 центнер астық жинағанымен, шаруалардың 40 пайызы 6 центнерден аз алады.

Диқаншылар нарықта тиімді баға бекітілмегенше 1 келі бидай сатылмауы мүмкін деген қауіп барын айтады. Олардың есебінше, қазіргі таңда 1 тонна бидайдың құны кем дегенде 100 мың теңгеден жоғары болу керек. Астық аз алынатындықтан келесі жылға тұқымдық бидай табылмай қала ма деген дн қорқыныш бар екен.

Фарид Абитаев, "Астана-бизнес" ЖШС директоры:

Тұқымды сатып алу мәселесін міндетті түрде шешу керек. Үкіметке азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, нан бағасын тұрақтандыратын бидай көлемін ғана сатып алмай, көктемгі егістікке қажет тұқым көлемін алуды да ойластыру қажет. Әсіресе, құрғақшылық қатты қинаған аймақтарда.

Жылдағыдан 1 миллионға астық аз жинаған Белорусь те бидай және өзге де дәнді-дақылдарды экспорттауға тыйым салыпты. Ал Қазақстанда қуаңшылықтың кесірінен 20-30 пайызға кем өнім жиналады деп болжануда. Бірақ, отандық бидайды өзге елдерге сату тоқтатылмайды екен.

Назгүл Хатепова, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары:

Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдері. Сонымен қатар, біздің астық Иран, Ауғанстан, Қытай секілді елдерде де өте көп сұранысқа ие. Біздің биылғы болжамымыз бойынша аталған нарықтарда біздің астыққа деген сұраныс осы жылдағы деңгейде сақталады деп күтудеміз. Сндықтан осы аталған елдерге отандық астықты экспорттаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Шаруалар тығырықтан шығудың бірден бір жолы – бағаны көтеру және экспорттауға тыйым салмау деп отыр. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі нақты бағаны бекітпесе де, болжаммен бидайдың бір тоннасы 95-105 мың аралығында болады дейді. Құзырлы министрлік құрғақшылықтың құрбаны болмау үшін шаруаларға "сақтандыру жүйесін кеңінен" қолдануға кеңес береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: