Жаңалықтар тізбегі
0

Қазіргі замандағы террористердің ғаламторды пайдалануы

ansobor.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 16:01 ansobor.ru
Дәстүрлі БАҚ көпсатылы жүйеден тұруына байланысты террористер нәтижесінде өз мақсатына жетуі екі талай болатын.

Киберкеңістіктегі терроршы топтардың пайда болу тарихы кеше ғана. Мысалы, егер 1998 жылы АҚШ-тың "Шетелдік террористік ұйымдар" тізіміне енген 30 терористік ұйымдарының шамамен 50% ғана веб-сайттары болған болса, ал 2000 жылдардан бастап барлығы ғаламтор жүйесін пайдаланғаны анықталды.

Қазіргі таңда ғаламтордағы терроризм ол динамикалық құбылыс, веб-сайттар бірден пайда болады, өзінің түрпәтін жиі ауыстырады және де дәл солай екпіндеп жойылады. Көп жағдайда бұл адастыру үшін жасалады, онда сайттың өзі қалып, тек қана мекен-жайы ауыстырылады. Мысалы ең бай "Аль-Кайеда" террористік ұйымы өзінің веб-сайтын мекен-жайы мен контентін күнделікті ауыстырып тұрады.

Ғаламтор жүйесінің бастамасы 1970 жылдардың басында пайда болған. АҚШ қорғаныс министрлігі Кеңес одағы жағынан төнген қауіптен қорғануға, ядролық шабуылдың алдында өздерінің байланыс жүйелерін орталықсыздандыру мақсатында америкалық арнайы қызметтермен құрылған жүйе. Қорғаныс министрлігі аймақтық компьютерлық жүйелердің өзара байланыстырын құру жолымен, біріңғай байланыс жүйесін орталықтан басқаруды тоқтату туралы шешім қабылдаған. 1980 жылдардың аяғында комммерциялық пайдаланушыларға мүмкіндік беру нәтижиесінде ғаламтор сипаттамасы тез өзгере бастады. 1990 жылдардың ортасында ғаламтор 18000 жеке меншік, қоғамдық және ұлттық жүйелерді біріктірді. ХХІ ғасырдың басында ғаламторды пайдаланушылардың саны 1 миллиардтан асты. Сол уақыттан бастап террористік ұйымдарда үгіт насихат жүргізу, колдаушылармен байланысу және ниеттестерді табу жұмыстары бастады.

Әрине ғаламтор өзінің табиғатында қарым-қатынас арналған жай, мәдениеттін тасушысы және түрлі комерциялық іс-әрекеттер жүргізудің құралы және мемлекет аралық байланысты орнатушы құралы болды. Дүние жүзіндегі демократиялық ойларды таратуға мүмкіншілік берді. Алайда ғаламторды пайдалану мен оның мөлшері ұлғаюмен бірге сол ойға қарама-қарсы порнография және басқа да зиянды ақпарат тасушы сайттар пайда болып, түрлі экстремисттік ұйымдар жүйені қолданды. Ол ұйымдар террористік тактика ретінде, ғаламторды үгіттеу жақтастарымен байланыс орнату, өздерінің іс әрекеттеріне қоғамдық көніл аудару және жанашырларды табу, тіпті іс-әрекеттерді жүзеге асыруга пайдалануды бастады.

Ғаламтор төмендегі жағдайларға мүмкіншілік береді:

  • Желіге еркін кіру
  • Цензуранын шағын түзетуі немесе мүлдем болмауы
  • Дүниежүзілік үлкен аудитория
  • Жасырын байланыс
  • Ақпараттың жылдам қозғалысы

Сайтты ашу мен пайдалануға кететін шығынның төмен құны

Мультимедиялық қоршаған орта: мәтін, графика, аудио және бейнені біріктіру кабілеті, тұтынушыларға фильмдерді, өлеңдерді, әдебиеттерді, постерлерді және т.б., жүктеу, басқа да мүмкіншіліктерді пайдалану.

Көрсетілген артықшылықтары террористік ұйымдардың назарынан тыс қалмауы. Бүгінгі күні барлық белсенді террористік ұйымдардың веб-сайттары бар және сан түрлі тілдерді пайдаланады.

Әдеттегі дей сайта террористтік немесе экстремистік ұйымның тарихы мен оның іс-шаралары, негізін салушылар, көсемдері мен батырларының өмірбаяндары, көзге түсер ірі тірліктері, саяси және идеологиялық мақсаттары, жаулары туралы қатал сын пікірлері және ағымдағы жаналықтары көрсетіледі. Сайтта "Азаттық үшін күрес", "қарсыласу" деген сөздерді үнемі пайдаланады. Күш қолданғаны туралы моральдық және құқықтық негіздерін түсіндіре келе террористердін зорлық-зомбылық іс әрекеттерін егжей-тегжейлері сипаттамайды.

Террористердің сайттары үш бағытта жұмыс істейді олар:

  • Ағымдағы және әлеуетті жақтаушы адамдар
  • Халықаралық қоғамдастықтың пікірі
  • "Жаудың" аудиториясы

Террористік сайттар ұрандарды пайдаланып, жақтастарына арналған белгілер, футболкалар, тулар, бейне, аудио дисктерді сатуға кояды. Жергілікті тілден басқа тілдегі сайттар, тікелей қақтығысқа қатысы жоқ, бірақ осы мәселеде қызығушылығы бар халықаралық аудиторияға арналған. Сол себепті көптеген сайтар бір неше тілде жасалған. Мысалы "Өзбекістан ислам қозғалысы" өзбек тілінен бөлек араб, орыс және ағылшын тілдерін пайдаланады.

Шетелдік қонақтарға оның ішінде журналистерге ынғайлы болу үшін, ұйымның мақсатын дәстүрлі бұхаралық ақпарат құралдарын пайдалануға пресс-релиздер пайдаланылады.

Кейбір сайттар шабуыл жасаймыз деп қорқытып, жауды әлсірету үшін куш-жігерін бағыттайды. Олар "жау"-мемлекеттерде қоғамдық пікірталасты ыңталандыруға ұмтылады. Қоғамдық пікірге әсер етіп, мемлекетті жұртшылықпен қолдауын әлсірету.

Терористер ғаламторды негізгі бірнеше әдістермен пайдаланады.

Бірінші, психологиялық соғыс. Ол дегеніміз жалған ақпарат тарату, үрейлі және дәрменсіз екенін сезіну мақсатында, өздерінің жан түршігерлік іс-әрекеттерінің суреттерін тарату. Мысалы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы тұтқындалған Иордания әскери әуе қуштерінің ұшқышы аға лейтенант Муаз Юсеф аль-Касасбаны 2015 жылы 03 ақпанда тірідей өртеп, бейне ролигін ғаламтор арқылы таратқан. Террористер психологиялық соғысты "кибертерроризім" арқылы түрлі компьютерлік шабуыл жасауы мүмкін (мысалы, компьютерлік жүйелерді бұзу жолымен ұлттық экономика жүйесі сәтсіздікке ұшырату, әуе қозғалысының басқару жүйесін істен шығару мақсатында және т.б., жасаумен қорқыту). Пайда болған қорқыныштан "киберқорқыныш" қоғам осы іс әрекеттер расында шабуыл болады деп сене бастайды.

Террористік ұйымдардың ішінде "Аль-Кайда" ұйымы осы бағытта ерекше орын алады. Мультимедианы біріктіре білді яғни насихаттау мен озық байланыс технологияларды. Мысалы 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы дүниежүзілік сауда орталығына жасалған террористік актіден кейін американың экономикасы әлсіреп, қор биржасы құлдырады және одан да "үлкен" шабуыл ұйымдастырылып жатыр деп қоғамда үрей туғызды.

Екіншіден-терроризімді жарнама ету мен насихаттауда. Ғаламтор пайда болар алдын террористердің іс-әрекеттерін жария болуы БАҚ өзіне қөніл бөлуіне байланысты еді. Дәстүрлі БАҚ көпсатылы жүйеден тұруына байланысты террористер нәтижесінде өз мақсатына жетуі екі талай болатын. Әрине мұндай кедергі қәзір өздерінің сайтарында жоқ. Көбінесе сайтар екі мәселеге көңіл бөледі ол бірінші өзінің ой пікірін айтуға шектеу койылғаны туралы, екіншіден саяси тұткындалған жолдастарының ауыр жағдайы. Мұндай мәселелер жақтастарының ішінен қуатты жауап алады және демократияға ерекше қөз қараспен қарайтын батыс аудиторияға арналған.

Террористік сайттар өздерінің зорлық-зомбылықты пайдалануға қажетілігін ақтайды. Біріншіден, күш қолданудан басқа жолы қалмады, яғни әлсіз шағын ұйым күшті қуатты мемлекеттің қудалауына түскен болып көрсеткісі келеді. Екіншіден, ұйым мүшелері құқықтары мен қадір-қасиеттерін таптаған жауларына зорлық-зомбылықты еркіне қарсы түрде пайдаланған "бостандық үшін күрескер" ретінде ұсынылады, яғни қатігездіктеріне жауы кінәлі болып саналады. Үшіншіден сайтар өздерінің түпкі мақсаты келіссөз арқылы, дипломатия жолмен мәселенің жолын табу деп жариялайды.

Бұдан басқа да ғаламторды пайдалану әдістері жеткілікті.

Ғаламторды пайдаланғаннан бері бір талай жылдар өтіп, бүгінгі күні террористер жүйені барынша тиімді пайдалану жөнінде көптеген сабақтар алған. Қоғам қандай қарсы іс-әрекеттер жасау керек, оған нақты жауап жоқ, алайда ен біріншіден біз ғаламторды террористік ұйымдар қалай пайдаланып жатқан туралы ақпаратымыз толық болу керек бұл бағытта озық тәжірибені қолдана отырып террористерге пайдалануға мүмкіншілігін шектеуге шаралар табу қажет. Екіншіден, олардын таратып жатқан дін жалған дінін әшкерелеу үшін ғаламторды кенің пайдаланып сайттар арқылы қоғамның діни сауатын кенінен ашу. Сайттарды тұтынушыға түсінікті болу үшін керек болса "жалпақ" тілді пайдалану, жарнаманы және насихатты көбейту.

Жұмәділдаев Куанышбай Төлегенұлы, Алматы қаласы Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, полиция полковнигі

Қолданылған әдебиеттер:

Наматов Н. Религиозный экстремизм в центральной Азии – 2014

Карин Е. Проблемы терроризма в Казахстане: Портрет крупным планом – 2014

Вейман Г. Специальный доклад об использований террористами Интернета .- 2004 года.

Российское психологическое общество Южный федеральный университет Факультет психологии. Абакумовой И.В., П. Н. Ермакова П.Н.. Психология формирования антитеррористических ценностей студентов современного университета – 2013

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: