Жайылымдарды ұтымды пайдалану есебін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді
zakon.kz
Тиімсіз интеграция : Тоқаевтың тапсырмасын орындау мерзімдері қайтадан ауыстырылды.
Қазақстанда жайылымды ұтымды пайдалану бойынша бақылау 1 қазанға дейін жасалуы керек болған, деп хабарлайды zakon.kz.
Үлгермедік. Бұған себеп "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" ақпараттық жүйесінен ("АЖБ" АЖ) жаңартылған мәліметтер бойынша интеграцияның жоқтығы, деп отыр "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ.
Мұндай мәліметтерді беру туралы сұранысы бар хатты оператор – "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыстық әкімдіктерге, жер қатынастары басқармаларына, сондай-ақ жерді пайдалану және қорғау бақылау органдарына жіберген болатын.
Бүгінде интеграцияның өзі дұрыс жұмыс істейді, басқаша айтқанда, байланыс бар. Жалғыз мәселе – бұл деректер. Фермерлерден деректердің сәйкес келмеуі туралы шағымдар көбейді. Мысалы, Qoldau-да фермердің 50 бас ірі қара мал бар, ал АЖБ-де 100 бас көрсетілген немесе керісінше. Деректердің айырмашылығының себебі неде екенін біз де, АЖБ де анықтай алмай отырмыз. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ұсынған АЖБ операторы өз серверлерін ауыстырған кезде, техникалық жұмыс кезінде белгілі бір "олқылықтың" орын алған болуы керек, дейді "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ бас маманы Азамат Құрманов.
Енді, баяндамашының айтуынша, 1 қазанға барлық өзгерістермен бірге деректерді, сондай-ақ тарихи деректерді жүктеу қажет. Тек жануарлар туралы мәліметтер бір-біріне сәйкес келгеннен кейін ғана жүйеде жайылымдарды ұтымды пайдалану есебі іске қосылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript