Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері ел кәсіпорындарында 140 адам қаза тапты

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 20:37 Алматы қаласының әкімдігі
Қазақстанда жыл сайын кәсіп салдарынан болған аурулардың 400-ден астам жағдайы тіркеледі.

Жыл басынан бері еліміздің кәсіпорындарында 140 адам қаза тапты, 1062 адам зардап шекті. Мұндай мәліметтерді ОКҚ брифингінде Еңбек және әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ербол Нұрғалиев мемлекеттік бақылау нәтижелерін атап өтті, олар анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтардың шамамен 30%-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына тиесілі екенін көрсетті.

Заңнаманың негізгі бұзушылықтары – қауіпсіз еңбек жағдайларын толық қамтамасыз етпеу, жұмыскерлерге арналған оқытуды немесе нұсқаулықтан өткізбеу, жеке, ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен жеткіліксіз қамтамасыз ету, еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе жауапты адамдардың болмауы. Ағымдағы жылдың 9 айында еліміздің кәсіпорындарында 1062 адам зардап шекті, оның ішінде 140 адам қаза тапты, - деп қосты спикер.

Оның айтуынша, биылғы жазатайым оқиғалардың көпшілігі биіктіктен құлау, ұйымдардың көлігімен болған жол-көлік оқиғалары, заттар мен материалдардың адамның үстіне құлауы салдарынан болған. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" заңнаманы негізінен жұмыс берушілер бұзған.

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңнан астам бұзушылықты анықтады, жұмыс берушілерге 2700-ден астам ұйғарым берілді, 189 млн теңге сомасына 1000-нан астам айыппұл салынды. Құқық бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау мақсатында құқық қорғау органдарына 777 материал жіберіліп, олар бойынша 102 қылмыстық іс қозғалды, – деп түсіндірді Нұрғалиев.

Ол 2020 жылға арналған статистикалық деректерді келтірді, оған сәйкес зерттелген кәсіпорындардың 1 миллион 600 мың қызметкерінің 367 мыңы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеді. Олардың ең көп саны өнеркәсіптік өңірлерде – Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында болды.

Шу мен дірілдің жоғары деңгейі жағдайында әрбір екінші, жұмыс аймағының жоғары газдануы мен шаңдануы жағдайында – әрбір үшінші қызметкер жұмыс істеді. 94 мың адам қара жұмысқа жегілді.

Экономика салалары бөлінісінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны тау-кен өндіру және өңдеу салаларына тиесілі.

Қазақстанда жыл сайын кәсіп салдарынан болған аурулардың 400-ден астам жағдайы тіркеледі.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: