Жаңалықтар тізбегі
0

Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 05:34 Zakon.kz
Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды. Вакцинацияның тиісті қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.

Алматыға Катар астанасынан Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Онымен 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге екпе егуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2021 жылғы 10 қарашада, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ДДҰ мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын Қазақстанға жеткізу жүзеге асырылды. Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 05:34

Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 05:34

Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцина ҚР ДСМ СЭБК-нің разнарядкасына сәйкес, жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізіледі. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдарды болдырмау үшін вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді. Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура -60 -90 Со режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 05:34

Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды. Вакцинацияның тиісті қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.

Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етілген (Төтенше пайдалану авторизациясы, EUA) аясында қолданыла бастаған алғашқы вакцина.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 05:34

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін келесі вакциналар қолданылды: "QazVac", "Спутник V", "Hayat-Vax", "Соронавак", "Sinopharm".

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 05:34

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: