Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылды сақтап қалу ұлттық идея болуы тиіс – сенатор

Zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 18:55 Zakon.kz/Максим Золотухин
Шындығында әкімдер үй іргелік жер бөлуге ынталы емес.

"Ауыл – ел бесігі" жобасының кемшілігі – өндіріспен үйлестірілмегенінде, деді бүгін Сенатта депутат Әли Бектаев, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, елді мекендерде жол салу, су шығару, әлеуметтік нысандарды жөндеу өте маңызды, бірақ жаңа өндіріс орындарын ашу, тұрғындарды, әсіресе жастарды тұрақты жұмыспен қамту одан да маңызды.

Ауылдарда әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғыртумен бірге жаңа жұмыс орындарын ашу қатар жүргізілгені дұрыс. 2017-2021 жылдарға "Еңбек" бағдарламасына қаралған 593 млрд теңге қаржының 42 %-ы ғана бөлінген. Тұрғындар үшін өз кәсібін ашуға ауадай қажет қаржының бөлінбей қалуы түсініксіз. Жұмыс болмаса ауыл халқының көшу үрдісі тоқтамайтыны анық.

– Біздің мемлекетіміз үшін ауылдарды сақтап қалу ұлттық идеяға айналуы тиіс. Тұрғындарды тұрақтандыру, халықты қайта ауылға көшіру сияқты мәселелер – мақсатты бағдарға айналуы керек, – деді ол.

Халқы тығыз орналасқан өңірлерден тұрғындарды солтүстік аймақтарға көшіру бағдарламасына да көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет. Бөлініп жатқан қаржы көлемін көбейте отырып, келген отбасыларға жағдай жасау, жұмыспен қамту сияқты нақты шараларды іске асыру өте маңызды.

– Өкінішке қарай, көшіп барған отбасыларға үй алып беру үшін тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана қаржы қаралған. Оның өзінде 2021 жылға бөлінген 1,9 млрд теңге мақсатты трансферттің 9 айда тек 19 %-ы ғана игерілген. Басқа облыстарға қаржы неге бөлінбейді? Жергілікті жерлерде осы бағытта тиянақты және мақсатты жұмыстың жоқтығы көрініп тұр, – деп күйінді сенатор.

Соңғы жеті жылда бөлінген жер учаскелерінің саны 122 мың ғана, яғни үй салу үшін жер алуға өтініш білдірген азаматтардың 10 %-на да жетпейді, деген ол тұрғындарға үй салу үшін жер бөлу қарқынын арттыруды ұсынды.

– Шындығында әкімдер үй іргелік жер бөлуге ынталы емес. Себебі инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттің шамасы жетпейді, ал республикалық бюджеттен бөлініп жатқан қаржы мардымсыз. Сондықтан да Үкімет бекіткен үй іргелік жер бөлу қағидаларын өзгерте отырып, инфрақұрылымдық жобаларға қойылатын талаптарды ықшамдау да керек шығар, – деді ол.

– Өңірлерде проблемалар жетерлік. Облыстардың жартысында ауыл жолдарының жағдайы сын көтермейді, елді мекендерді газдандыру 33 %-дың деңгейінде. 850-ден астам ауылда бір де бір медицина мекемесі жоқ. Осы салаларға қаншама қаржы бөлінуде, ал үйлестіру жоқ, – деді Әли Бектаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: