Қазақстан мен Өзбекстан одақтастық қатынастар туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар жан-жақты ынтымақтастық, сенім, тең құқықтық және ұлттық мүдделерді өзара есепке алу, тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты және мемлекеттік шекаралардың мызғымастығын өзара құрметтеу, міндеттемелерді орындау, сонымен қатар ар-ождан негізінде құрылады, - делінген құжатта.
Шарт тараптардың біреуінің пікірінше, үшінші мемлекеттердің қарулы шабуыл жасау қаупін тудыратын жағдай туындаған жағдайда тараптар екіжақты негізде де, сонымен қатар келісім шеңберінде де бір-бірімен дереу тиісті консультациялар жүргізетінін қарастырады. Оны бейбіт жолмен реттеуге халықаралық ұйымдардың шеңберінде шаралар қабылдауды қарастырады.
Сонымен қатар тараптар қандай да бір блоктарға немесе альянстарға қатыспауға, екінші тарапқа қарсы бағытталған әрекеттерге қатысудан бас тартуға міндеттелгені айтылады.
«Тараптардың ешқайсы өз аумағы мен ресурстарын екінші тарапқа қарсы агрессия немесе басқа да дұшпандық әрекеттерді дайындау немесе жүргізу мақсатында, сонымен қатар екінші тараптың мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге жол бермейді. Тараптар екінші тарапқа қарсы әскери іс-қимылдарды немесе басқа да дұшпандық әрекеттерді дайындау немесе жүргізу мақсатында үшінші мемлекеттердің өз аумақтарында байланыс жүйесін және өзге де инфрақұрылымды пайдалануға жол бермеуге міндеттеледі.
Сонымен бірге мемлекеттер халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары негізінде, ең әуелі, егемендікті, аумақтық тұтастықты және шекаралардың мызғымастығын құрметтеу және қамтамасыз ету негізінде аймақтық қақтығыстарды бейбіт жолмен/келіссөздер арқылы реттеуге күш салып жатыр.
Келісім бірлескен жобаларды іске асыру, энергия тиімділігін арттыру мақсатында энергетикалық секторда, оның ішінде мұнай-газ, электр энергетикасы салаларында, жаңартылатын энергия көздері саласында теңдік және өзара тиімді қатынастар негізінде ынтымақтастықты көздейді. Екі мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал ететін ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін көздейді.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келісім Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосады.
«Келісім Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы саяси, экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін берік негіз болады», - делінген хабарламада.
Құжат 12 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ащық НҚА веб-сайтында жарияланған.