Тоқаев Бас прокурорға қаза тапқан сарбаздардың ісін тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды

Сарбаз, қаза тапқан, әскер, ата-аналар, Тоқаев, тапсырма, Бас прокурор, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 21:17 Сурет: freepik
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды", деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 2025 жылы 10 қарашада Telegram-дағы арнасында.

Айта кетсек, бүгін 10 қарашада Астанада Азаматтарды қабылдау орталығында Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар қатарында қызмет атқару барысында зардап шеккен және қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналарымен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев кездескен болатын. Бұған дейін ата-аналар құзырлы ведомство алдында митинг өткізген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: