Жаңалықтар тізбегі
0

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан қос алтын медальға ие болды

Қазақша күрес,  V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, алтын медаль, Айжан Жылқыбаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 17:10 Сурет: Instargam/aijansambo50
9 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы чемпионы белгілі болды. Бірінші болып қазақша күрестен жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 келі салмақта Қырғызстан балуаны Луиза Асакеевадан басым түскен Айжан Жылқыбаева чемпион атанды.

Көп ұзамай тағы бір отандасымыздың жарыстың осы түрінен алтын медаль еншілегені белгілі болды. Шешуші сәтте Бекжан Төлепов 55 келі салмақ дәрежесінде Қырғызстан балуаны Қимал Оболбековтен басым түсті.

Қазақша күрес, Бекжан Төлепов, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 17:10

Сурет: Qazaqstan

Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес сарайында өтіп жатқан жарыстарда төрт салмақтағы ең мықтылар анықталады. Бұған дейін көкпардан Қазақстан Өзбекстан құрамасын жеңген болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: