Фристайл-могул: Анастасия Городко Универсиадада алтын медаль иеленді

Фристайл-могул: Анастасия Городко Туринде өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль иеленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 20:41 Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы финалда 79.79 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Екінші орынға Жапония спортшысы Харука Накао (76.29 ұпай) ие болды. Сондай-ақ германиялық Ханна Виис (75.04 ұпай) қола медальді қанағат тұтты. Аяулым Әмренова 70.52 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. 

Айта кетейік, Городко Қазақстанға Универсиада-2025-тің алғашқы алтын медалін алып келді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: