Нора Джеруто Цюрихте өтіп жатқан "Гауһар лига" кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді

Жеңіл атлет Нора Джеруто Цюрихте өтіп жатқан "Гауһар лига" кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 17:02 Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Цюрихте (Швейцария) өтіп жатқан "Гауһар лига" кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік беделді турнирде жеңіл атлет 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден 9:10.87 нәтижесімен мәре сызығын екінші болып кесті.

Кения спортшысы Фейт Черотич 8:57.24 көрсеткішімен жеңіске жетті.

Үздік үштікті Тунис атлеті Марва Бузаяни 9:12.03 нәтижесімен түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: