Мбаппенің хет-тригі "Реалға" "Қайратты" ірі есеппен жеңуге көмектесті

Мбаппенің хет-тригі "Реалға" "Қайратты" ірі есеппен жеңуге көмектесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 23:45 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматыда қазақстандық футбол тарихындағы айтулы матч өтті. "Қайрат" әлемдегі ең атақты клуб – испаниялық "Реалға" қарсы алаңға шықты. Қонақтар басым түсіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы таймда "корольдік клуб" небәрі бір гол соққан еді. Алайда екінші таймда артықшылығын айқын көрсетті.

Бұл ойында "корольдік клубтың" француз шабуылшысы Килиан Мбаппе жарқырап көрінді. Ол қақпашымыз Шерхан Қалмұрзаны екі мәрте қапы қалдырды. Алғашқы таймдағы голын қоса есептегенде, "Алтын бутса" иегері матчта хет-трик жасады.

Кездесу соңына қарай Эдуардо Камавинга мен Брахим Диас та гол соғып, таблодағы есепті 0:5-ке жеткізді.

Жеңіліске қарамастан, алматылық команда кей сәттерде жақсы ойнап, бірнеше мүмкіндік те жасады. Бірақ сәттілік серік бола қоймады.

Тіпті бір сәтте Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері пенальти соғу құқығын иеленген. Алайда VAR жүйесі 11 метрлік соққыны жоққа шығарды.

Осылайша, "Қайраттың" мадридтік "Реалға" қарсы тарихи ойыны ірі есеппен аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: