Қазақстан арқылы өтетін халықаралық автомобиль дәліздері кеңейтіледі
Атап айтқанда, 2747 шақырымдық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәліз Қытайдан Қазақстан, Ресей арқылы және одан әрі Еуропаға, сондай-ақ Орта Азия елдеріне транзиттік ағынды қамтамасыз етеді. Оны толық реконструкциялау 2009-2017 жылдары жүргізілді. Көлік ағынының артуына байланысты 2023-2030 жылдары Қызылордадан Ресей шекарасына дейінгі ұзақтығы 1 363 шақырым болатын учаскені І техникалық санатқа кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарланып отыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев
Министр сондай-ақ «Алматы – Қарағанды – Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорғандағы РФ шекарасы» дәлізімен Орта Азия елдерінен және Қытайдан Қазақстан, Ресей және одан әрі Еуропаға транзит өтетінін, «Алматы-Қарағанды» учаскесін ІІ техникалық санатқа ауыстыра отырып, 2023 жылы реконструкцияланатынын айтты.
«Нұр-Сұлтан – Қостанай – Челябинскідегі РФ шекарасы» көлік дәлізінің ұзақтығы 860 шақырым. Ол Орта Азия елдерінен Қазақстан, Ресей және одан әрі Еуропаға транзиттік ағынды қамтамасыз етеді. Қозғалыс қарқынының артуына байланысты «Нұр-Сұлтан – Қостанай – Челябинскідегі Ресей шекарасы» учаскесін 2023 жылға дейін І техникалық санатқа ауыстыру жоспарлануда.Қайырбек Өскенбаев
«Қытай шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – Омбыдағы РФ шекарасы» дәлізі – шығыс өңірдің негізгі бағыттарының бірі. Ол бойынша транзит Қытайдан Қазақстан, Ресей аумағы арқылы және одан әрі Еуропаға бағытталады. Қазір «Қытай шекарасы – Майқапшағай -Қалбатау» учаскесін реконструкциялау жүргізілуде. Ведомсто басшысы бұл жұмыстар 2023 жылы аяқталатынын айтты.
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха - Барнауылдағы РФ шекарасы» көлік дәлізінің ұзақтығы 1210 шақырым. Бұл да Орталық Азия мен Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейдің шығыс өңірлеріне және Қиыр Шығысқа транзитті қамтамасыз ететін үлкен сұранысқа ие бағыт. Қазір «Талдықорған – Өскемен» автожолы жаңартылуда. Жұмыстар 2023 жылы толық аяқталады. Қайырбек Өскенбаев
893 шақырымдық «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Атырау – Астраханьдағы РФ шекарасы» дәлізімен Өзбекстан мен Түрікменстанның Қазақстан және Ресей арқылы Еуропаға транзиті өтеді.
«Ақтөбе – Қандыағаш» және «Атырау – Астрахань» учаскелерін 2023 жылы жаңарту жоспарланып отыр. Биыл «Қандыағаш – Мақат – Атырау» учаскесін реконструкциялау аяқталады.Қайырбек Өскенбаев
«Ақтөбе – Орал – Самара» көлік дәлізі Оралдан Самараға және одан әрі Брест арқылы Еуропаға апарады.
ТРАСЕКА көлік дәлізі қазіргі геосаяси жағдайға байланысты үлкен сұранысқа ие. Ол Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің негізгі бөлігі арқылы өтеді және Ақтөбе мен Доссор арқылы Қазақстанның теңіз порттарына шығады. Ақтау және Құрық теңіз порты арқылы Қытайдан және Орта Азия елдерінен Кавказға және одан әрі Еуропаға транзитті қамтамасыз етеді. Қазір «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат» учаскелері жаңартылып жатыр. «Бейнеу – Шалқар – Ырғыз» учаскесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. 2025-2028 жылдарға жоспарланған жұмыстың нәтижесінде дәліздің қашықтығы 580 шақырымға қысқарады.Қайырбек Өскенбаев