Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның қант өнеркәсібіне шамамен 495 млрд теңге бөлінеді

қант, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2022 13:13 Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек қант саласын жандандыру үшін қандай шаралар қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамабектің айтуынша, елімізде саланы табысты дамытудың әлеуеті бар, бірақ технологиялық жабдықтардың тозуы, қарыз жүктемесі және айналым қаражатының жетіспеуі, көрші елдердің қолданатын баға демпингі, отандық өндірістің қуаттылығын пайдалануды төмен деңгейде қалдырып отыр.

Ол негізгі экспорттаушы елдердің қант экспортына қатысты қабылдаған шектеу шаралары ішкі нарықта дүрбелең тудырғанын еске салды.

Егіс алқаптарын, шығымдылықты, қолда бар қуаттарға қатысты шикізаттың қажет көлемін және қант зауыттарын кеңейту жоспарын талдау негізінде 2026 жылға дейінгі саланың көрсеткіштері анықталды, олар өз өндірісін арттыруға бағытталған. 250 мың тонна көлемінде қант өндіру бойынша ауыспалы егіс көлемін ескере отырып, қажет алқаптар, сонымен қатар егіс алқаптарын кеңейту бойынша жоспарланған шаралар облыс әкімдіктерімен келісілді.Әбілқайыр Тамабек

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен қант өнеркәсібін 2026 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспары әзірленгенін қосты.

Кешенді жоспарда: қант қызылшасының егістік алқабын кеңейту есебінен шикізат базасын ұлғайту, жаңа суармалы жерлерді енгізу, суарудың суды үнемдейтін технологияларын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің техникалық және технологиялық қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша қолданыстағы қуаттарды қайта жарақтандыру, жаңа инновациялық зауыт салу.Әбілқайыр Тамабек

Сонымен қатар ҚР Салық кодексінің 411-бабына сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС 70%-ға дейін төмендету арқылы қызылша қантын өндіруге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Кешенді жоспарда преференцияның жарамдылығын ұзарту, тізімді қант қамысымен толықтыру шарасы қарастырылған.

Сонымен қатар қантқа бағаның ең төменгі деңгейін (МPL) енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігін жетілдіру, оның ішінде қант қызылшасын өңдеуге жеткізуді субсидиялау нормативтерін және тұқымдарды субсидиялау нормативтерін арттыруды ескере отырып, тұқымдар мен будандар бағасы бойынша пысықталады.

Вице-министрдің айтуынша, жалпы алғанда, ресурстық базаны дамытуға жұмсалатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен - 495 млрд теңге.

Материалдық-техникалық активтерді субсидиялаудың қажет көлемі 168 млрд теңге, оның ішінде қант зауыттарының негізгі және айналым капиталын толықтыруға арналған субсидиялар – 39,3 млрд теңге. Кешенді жоспарды жүзеге асыру алдағы бес жылда отандық шикізаттан қант өндіру көлемін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте 2026 жылға қарай 2021 жылмен салыстырғанда импорт үлесі 58%-дан 17%-ға дейін төмендейді. Отандық шикізатты өңдеу есебінен қамтамасыз ету 7-ден 43%-ға дейін өседі.Әбілқайыр Тамабек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: