Жаңалықтар тізбегі
0

Бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев Instagram-да жазба жариялады

Қайрат Боранбаев, Instagram, жазба, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 19:31 Сурет: "Қайрат" ФК
Бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев 7 қарашада Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті менің әріптестерім, достарым және серіктестерім! Кеше мен үйіме оралдым, ақыры туыстарым мен жақындарымның жанынан табылғаныма қуаныштымын. Басымнан өткен қиын-қыстау айларда мені қолдаған барлық адамға және әрқайсыңызға үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Мені қолдау үшін жасалған әрбір бастамадан, менің жеке басыма қатысты айтылған әрбір жақсы сөзден қанықпын. Айналамда адал, мейірімді, шынайы тамаша жандар барына кезекті рет көз жеткіздім", – деп жазды ол.

Боранбаев "Алмалы" холдингінің әрбір қызметкеріне жекелей алғыс жолдады. 

"Өткен жылдар ішінде біз бір үлкен ортақ істі құра білдік әрі қиын сәтте оның қаншалықты күшті, құнды және маңызды екенін сезіндім. Біз бәріміз бір үлкен отбасы сияқтымыз. Енді арадағы бірлік-ымырамен біз жаңа биіктерді еңсеріп, қол жеткізген барлық нәрсені еселей алатынымызға сенімдімін. Мұның бәрі әрбір қызметкердің, қазақстандықтың және бүкіл елдің игілігі үшін. Біз әлеуметтік бағытты қолдайтын холдинг болып қала береміз". Қайрат Боранбаев

2023 жылы 6 қарашада Қайрат Боранбаев түрмеден босап шықты. Ол мемлекетке келтірілген залалды өтеп, өкінетінін жеткізді. 

2023 жылдың 15 қыркүйегінде ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай ақ сот кәсіпкердің мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы қаулы шығарды:

Алматы қаласы, әл-Фараби көшесі, 77/7-1 мекен-жайындағы жер учаскесімен қоса коммерциялық үй-жайды, құны - 686 млн теңге, Халық банкі шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын, Боранбаевтың Қазақстан Халық банкінің түрлі шоттарында жатқан 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын.

Қазан айының ортасынан бастап тергеумен ерікті түрде әріптестік танытқан Боранбаев көптеген активтін мемлекет меншігіне өткізе бастады. Мысалы, "Phystech II" АҚ көмірсутектерді өндіру компаниясындағы акцияларын 100%, яғни түгелдей  Қазақстанға "өз еркімен және өтеусіз" өткізіп берді. Аталған компания акцияларының Ақтаудағы бір бөлігі Қайрат Боранбаевқа тиесілі болатын. 

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев Астанадағы ауданы 5 мың шаршы метрден асатын және жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық болатын қонақ үй кешенін мемлекетке тапсырды. Қонақ үй кешенінің құны 1,4 млрд теңгеден асады.

Бұдан бөлек, құны 33,75 млрд теңге болатын нысандарды, атап айтқанда: Алматы қаласының элиталы ауданында орналасқан "Алмалы" СОО ғимаратын, жылжымайтын мүлікті жалға берумен және басқарумен айналысатын "Unity Hall" ЖШС-ны, Fitnation фитнес-клубтар желісін мемлекет меншігіне өткізді.

Сондай-ақ Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың 2,6 млн тонна мұнай қоры бар 143 ұңғыманы және бағалау құны 35,4 млрд теңгені құрайтын 13,2 миллион текше метр газ бар "Қаражанбас Северный" кен орнын мемлекет меншігіне тапсырғанын растады. Боранбаев тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын "Азия газ Чунджа" газ тарату компаниясын да өткізді. Компанияның нарықтық құны шамамен 14 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты, құны 9 миллиард теңгеден асатын "ҚазТурбоРемонт сервистік орталығы" ЖШС мемлекет меншігіне өтіп жатыр. Кәсіпорын қызметкерлерінің штат саны - 740 адам.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: