Жаңалықтар тізбегі
0

Боранбаев бостандыққа шықты

Боранбаев ісі, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 10:16 Сурет: Instagram/kairat4
Мемлекетке келтірілген шығынды өтеп, өкінетінін айтқан кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Бұл жөнінде 2023 жылғы 6 қарашада Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 165-бабының 5-бөлігіне сәйкес, жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату тиiстi құжаттар келіп түскен күнi, ал егер құжаттар жұмыс күнi аяқталғаннан кейін алынса – келесi күнi таңертең жүргiзiледi.

"Осы жылдың 6 қарашасында Қ.Боранбаев бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылды".  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

Бас бостандығын шектеуге сотталғандар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 13-тарауына сәйкес, пробациялық бақылау жағдайында жазасын тұрғылықты жері бойынша өтейді.

"Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлiгi бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаға ауыстырылған сотталған адам күзеттен босатылады және жазаны өтеу орнына бюджет қаражаты есебiнен өз бетінше барады".Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

Комитет мекеме әкімшілігі сотталғанға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге бұйрық беретінін, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жіберетінін нақтылады.

"Егер сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде келмесе, пробация қызметі алғашқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді, ал егер сотталғанның тұрғылықты жері белгіленбесе, оны іздеуге беру туралы сотқа өтініш береді".Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

2023 жылы 15 қыркүйекте Қайрат Боранбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот кәсіпкердің мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Боранбаев қазан айының ортасынан бастап тергеумен ерікті серіктестік аясында көптеген мүлікті мемлекет меншігіне бере бастады. Шетелден қайтарылған 66 миллион доллардан астам қаржыны кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке қайтарды.

Қайтару шартына сәйкес "F Link" (ЭФ Линк), "Grand Hall Unity" және "Альмтрейд" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталындағы 100% үлесі Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: