Қайрат Боранбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановты 28-баптың 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды, олардың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және Ұлттық банкте лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, алты жылға сотталды. Бұған қоса олар 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеумен 3 жыл жаза тағайындалды. Қатаң жазаны одан да қатаң жаза жұтып қойып, олар жалпы алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Тайыр Жанұзақ 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталып, қамауға алынғаны 2022 жылғы 17 наурызда мәлім болды.
Кейін Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 29 маусымдағы қаулысымен Қайрат Боранбаев пен оның ісі бойынша айыпталған Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа қатысты үкімнің күші жойылды. Қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың қаулысы бойынша апелляциялық тәртіпте қаралуы керек еді.
Сонымен бірге сол қаулымен сотталушыларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды.